12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шілде айында қазақстандықтар арасында танымал болған кітаптар, фильмдер мен музыкалар

Жазғы жаңалықтар: қазақстандықтар шілдеде не оқыды, не көрді және не тыңдады?

Біз ең көп талқыланған және танымал кітаптар, фильмдер мен тректердің топтамасын ұсынамыз. Сондай-ақ, тамыз айында жаңадан шыққан туындыларға шолу дайындадық, оларды таңдаулы тізіміңізге қосып қоюға болады.

Кинопоисктен не көрді?

Осы айда көрермендердің назарын аударған және ең көп талқыланған фильмдер мен сериалдар: тартымды детектив «Мафия», кенеттен қызы мен немересі бар екенін білген бойдақ туралы жүрекке жылы комедия – «Маған әке керек!», Камбоджадағы сәтсіздіктерге тап болған достардың басынан өткен оқиғаларға құрылған «Гәп», Әсел Сағатова түскен ностальгиялық мелодрама «Бәрі сенің қолыңда» және маньякты іздеу барысындағы қорқынышты триллердің жалғасы – «Фишер».

Яндекс Кітапта не оқыды?

Жеке қаржы мен психологияға қатысты практикалық кеңестер, сондай-ақ табыс табуға жетелейтін хикаялар әр ай сайын кітаптар рейтингінің көшін бастап келеді. Шілде айы да бұл үрдістен тыс қалмады.

Оқырмандардың ерекше назарын аударған туындылар қатарында – қазақ тіліне аударылған Ларри Кингтің «Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері» атты кітабы мен қаржылық сауаттылыққа арналған жаңа туынды – Пак Джисудың «Правила богатой бабушки»кітабы бар.

Сондай-ақ оқырман рейтингінен Деймон Захариадистің «Сначала сложно, потом привычка» және Марк Мэнсонның «Мужские правила: Отношения, секс, психология» атты кітаптары да орын алды.

Оқырмандар «Казахские мифы» кітабына да ерекше назар аударды. Бұл жинақта Тәңірі, баһадүр батырлар мен тылсым жаратылыстар туралы аңыздар қамтылған.

Танымал аудиокітаптардың қатарында — Мартин Медоуздың «365 дней самодисциплины», Кати Качурдың «Желчный Ангел», Даниэль Канеманның «Думай медленно… Решай быстро»«Казахские мифы», сондай-ақ Фиона О’Брайанның «Дом на берегу счастья» туындылары бар.

Ал BookTok жанкүйерлері не оқып, не талқылап жатқанын «Популярно в Тикток» жаңа бөлімінен таба аласыз. Ал азиялық атмосфераға толы махаббат хикаяларын «Мир дорам» сөресінен көруге болады.

Тамыз айындағы жаңалықтар – Яндекс Плюс сервистерінде

Кинопоискте не көруге болады?

Тамызда Кинопоиск көрермендерге түрлі жанрдағы қызықты жобаларды ұсынады. Онлайн-кинотеатр жазылушылары аты аңызға айналған франшизаның бесінші бөлімі – «Джон Уик» пен алғашқы толықметражды спин-оффы «Балерина» фильмін көре алады. Сондай-ақ, отандық комедия кейіпкерлерімен бірге көңіл көтеруге мүмкіндік бар.

«Қайын ата – Күйеу бала» – басты кейіпкер Төлеген бастығы Темірбектің күнделікті қалжыңына шыдап жүр. Бірақ тағдырдың тосын шешімімен Төлегеннің сүйген қызы Темірбектің қызы Аружан болып шығады.

«Балерина» – қарулы шабуылдан кейін жетім қалған Ева қылмыстық топтың қолына түсіп, жауынгерлік өнерді меңгереді. Ол әкесінің кегін қайтаруға бел буады. Оқиға «Джон Уик 3» фильміндегі оқиғалармен қатар өрбиді.

«Остров. Ұмытылмас саяхат» – басты кейіпкер Жомарт Таиландқа аттанып, құрылыс компаниясының экс-директорын тауып, мемлекеттің қаражатын жымқырды деген айыптаудан ақталуға тырысады. Жол бойы улы жәндіктер мен жергілікті қылмыскерлерге тап болады.

«Өч/Месть» – (жақында жарық көреді). Ауыл қызы Жұлдыз қатыгез зорлық-зомбылыққа ұшырап, жақындарының сатқындығына тап болады. Ол енді өз тағдырын өз қолына алуға шешім қабылдайды.

Балалар бөлімі де жаңа туындылармен толықты. Кішкентай көрермендерге арналған танымал фильмдер мен мультфильмдер енді бұрынғыдан да көп. Отбасымен бірге көруге болатын қызықты контенттер қатарында: «Маракуда»«Приключения Паддингтона 3»«Царевна-лягушка»«Леди Баг и Супер-Кот: Пробуждение силы»«Три кота»«Маша и медведь» және «Синий трактор» бар.

Яндекс Кітаптағы жаңа сөрелер: сарапшылар мен блогерлер ұсынған туындылар

Яндекс Кітап сервисінде қаржы мен бизнеске қызығатын оқырмандарға да, балалар әдебиетін іздеген ата-аналарға да арналған жаңа сөрелер пайда болды.

«Қаржылық сауаттылық: сарапшылар ұсынады» бөлімінде жеке қаржыны реттеуге көмектесетін пайдалы кітаптар жинақталған.

«Балаларға не оқуға болады: блогерлер кеңес береді» бөлімінде ересектер мен балалар блогерлерінің ұсынған кітаптары топтастырылған. Мұнда қазақ тіліндегі балалар кітаптарына арналған арнайы топтама да бар.

Жазда Яндекс Музыкадан не тыңдауға болады?

Жаз — саяхаттар мен демалысқа, жарқын сезімдерге толы уақыт. Сондықтан Яндекс Музыка жазылушыларын жаңа плейлисттермен қуантып, бұл маусымды одан сайын әсерлі етуге көмектеседі.

Шілде айында Яндекс Музыка қазақстандық орындаушыларды қолдау мақсатында «Өзіміздікілерді тыңдайық» атты жобаны іске қосты. Жоба түрлі қалада туып-өскен талантты музыканттарды кең аудиториямен таныстыруға бағытталған.

Жобаға қатысқан орындаушылар:

CAPTOWN (Астана), Moldanazar (Қызылорда), Bonapart (Қарағанды), Asik (Ақтөбе), jeltoksan. (Атырау), ZAQ (Семей), ALEM (Қостанай), V \$ X V PRiNCE (Алматы), Shiza (Шымкент) және RaiM (Орал).

Аталған қалалардың көшелерінде әр әртістің ән мәтіндері жазылған керемет билбордтар орнатылды, ал олардың ең танымал тректері Яндекс Музыкадағы «Қалалардың үні» атты арнайы плейлисттерге енді.

Сонымен қатар платформада белгілі орындаушылар дайындаған жазғы плейлисттер жарық көрді. Бұл жинақтар жол үстінде, кешкі серуенде немесе достармен демалыста ерекше көңіл-күй сыйлайды, онда баяу әуендерден бастап, көңілді кештерге арналған ырғақты композицияларға дейін бар.

Ал «Демалыста тыңдау» — ұшу кезінде немесе жағажайда демалып жатқанда тыңдауға таптырмас жинақ: мұнда жазғы көңіл-күйге сай аудиокітаптар мен музыкалық жаңалықтар қамтылған.

 О центре подготовки кадров

ЦЕНТР ПОДГОТОВКИ РАБОЧИХ БУДЕТ СОЗДАН В Г. ТАЛДЫКОРГАНЕ. ОБ...

Жасөспірімдер мен жастарды есірткіден сақтау 

2025 жылдың 8 тамызында Тараз ст.ЖПб ЕҚҚІҚб қызметкерлерімен және...

Зона риска

ЕСЛИ ПРОСЛЕДИТЬ ИСТОРИЮ АЛМАТИНСКОГО МЕТРОПОЛИТЕНА, ТО СОЗДАЕТСЯ ОЩУЩЕНИЕ, ЧТО...