Шетелге шығатын қазақстандықтар қалай вакцина салдыра алады?

Шетелге шығатын қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды салдыра алады. Бұл қатарға шетелде оқитын студенттер, емделуге кететін, Қазақстан атынан халықаралық деңгейде шығатын азаматтар кіреді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы азаматтарға арналған іс-қимыл алгоритмін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес кейбір жағдайларда ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша ДДСҰ мақұлдаған вакцинаның толық курсын қайта алуға рұқсат етіледі», — деді Байтанаев.

ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды ала алатын қазақстандықтар

Қазақстан атынан халықаралық деңгейде шығатын, үкіметаралық келісімдер/шарттар шеңберінде шетелде оқу, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге шығуы қажет адамдар және олардың отбасы мүшелері, шетелде емделуге жіберілетін науқастар, оларды емделуге апаратын адамдар.

Қандай құжаттар керек?

Түрлі себеппен шетелге шығуы қажет тұлғалар тиісті ведомствоға растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Мысалы, шетелде білім алушылар растайтын құжаттарды ҚР Білім және ғылым министрлігіне, шетелде емделуге кетуі керек науқастар тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға немесе өңірлік денсаулық сақтау басқармасына ұсынады. 

Студенттер кімге жүгіне алады?

Студенттердің КВИ-ға қарсы вакцина мәселесі ҚР БҒМ-мен бірлесіп пысықталды, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Осы айтылғандарға сәйкес:

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдар, шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер, академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттер және Work and travel бағдарламасы бойынша шығуды жоспарлаған студенттер және олардың отбасы мүшелері ҚР БҒМ-не жазбаша өтініш береді;
  • Осы тұлғалардың өтініштері негізінде ҚР БҒМ тізім жасап, оларды ҚР ДСМ-ге жібереді;
  • ҚР ДСМ осы тізімді одан әрі өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына жібереді;
  • Медициналық ұйымдар тізімдерді ақпараттық жүйеге енгізу үшін денсаулық сақтау орталығына беріп, студенттерге вакцинаның толық курсын қайта өткізеді;
  • КВИ-ға қарсы вакцинаның толық курсын қайта аяқтағаннан кейін және вакцина туралы деректерді ақпараттық жүйеге енгізгеннен кейін eGov мобильді қосымшасында студенттерде вакцинаның электронды паспорты, сондай-ақ, қағаз жеткізгіште КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтама жасалады.

Емделуге кететіндер кімге жүгінеді?

Шетелге емделуге жіберілгендер, сондай-ақ, оларды алып жүретін адамдар медициналық ұйымға Қазақстаннан тыс жерлерде емделуі керек екенін растайтын құжатты ұсынуы қажет. Осы құжаттар негізінде медицина қызметкері ДДСҰ мақұлдаған вакцинаны алуға рұқсат беріп, деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын қайтадан аяқтағаннан кейін eGov мобильді қосымшасында вакцинаның электронды паспорты, сондай-ақ, қағаз тасығышта КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтама жасалады.

Шетелде Қазақстан атынан шығатын тұлғалар кімге жүгінеді?

Қазақстанның мүддесін халықаралық деңгейде көрсету мақсатында шетелге шығатын адамдар тиісті ведомствоға немесе мемлекеттік органға (БҒМ, МСМ және басқа да министрліктер) жүгінуі қажет. Ол осы мәселені ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі.

ВАК хаттамасының негізінде Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алуы қажет адамдардың тізімін денсаулық сақтау басқармаларына жібереді.

Медициналық ұйымдар осы адамдарға вакцинаның толық курсын қайта жүргізеді және ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізеді. Вакцинаның толық курсын қайта салдырғаннан кейін eGov мобильді қосымшасында вакцинаның электронды паспорты, сондай-ақ, қағаз тасығышта КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтама жасалады.

Қазақстандықтар шетелге шығу үшін ДДСҰ мақұлдаған қандай вакциналарды алады?

  • COVID-19-ға қарсы (Vero Cell), белсенді емес (Sinopharm).
  • VeroCell-ді алғаш рет вакцина алып жатқан барлық қазақстандық салдыра алады;
  • VeroCell-ді шетелге шығатын қазақстандықтар қайта (1 және 2 доза) салдыра алады.
  • VeroCell — екі дозадан тұратын вакцина. Шетелге шығу үшін 21 күннен кейін екі компонентті алу керек.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі әр елдің өз талаптары бар екенін ескертті, мысалы, екінші компоненттен кейін белгілі бір кезеңді күту қажет.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.