Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге: Парламент заң қабылдады

Парламент 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бастапқы тіркеу ретінде төлем құнын белгілеуді көздейтін салық кодексіне түзетулер енгізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді Қазақстанда шетелдік көлікті бастапқы есепке 200 мың теңгеге қоюға болады. Жалғыз шарт көлік 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінуі керек. Сенат заң қабылдады, ол Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген.

«2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркеу үшін бірыңғай төлем құнын белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жергілікті бюджетті көлікке салынатын салықпен толықтырады», — деді депутат Ғұмар Дүйсембаев.

Сенатордың айтуынша, өзгерістер салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне, сондай-ақ, ел экономикасына оң әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шара ұсынған енді.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...