12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР –ҚАЗАҚСТАНДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Ресей-Украина қақтығысынан кейін Еуразия кеңістігі үшін ең тартымды нарық саналатын Ресейдегі жұмысын тоқтататынын жариялаған шетелдік инвесторлар көбеюде. Бұл жағдай Қазақтан билігі үшін елдің өндірістік-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндік беріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, тәуелсіздік жылдары елімізге 390 млрд доллардың тікелей шетелдік инвестициясы тартылғанымен, оның тиімділігі біз күткендегідей нәтижелі болған жоқ. Сондықтан Жаңа Қазақстанның экономикалық және сыртқы инвестициялық саясаты түбегейлі өзгерісті қажет ете бастаған еді. Енді бұл олқылықты түзетуге Сыртқы істер министрлігі бел буғанын сөзімен емес, ісімен дәлелдей бастаған сияқты.

Алматыда Honeywell компанияның жаңа зауытының ашылу рәсімінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров жария түрде Ресей нарығынан кететінін мәлімдеген шетелдік инвесторлардың арасынан наурыздан бері Қазақстан үшін маңызды деп саналатын 265 ірі компанияны анықтағанын айтты. Қазір олармен келіссөздер жүріп жатыр екен. – Біз олардың ресейлік кеңсесімен емес, шетелдегі бас кеңселерімен тікелей келіссөз жүргізіп жатырмыз. 50 компания әзірге аймақтық кеңсе не өндіріс орындарын басқа елге көшіруді қарастырып отырған жоқпыз деп бас тартты. Ал 43-імен жаңа өндіріс орнын ашуға немесе орталық кеңселерін Қазақстанға көшіруге қатысты келісім бар. Соның бірі – Honeywell. Олардың Орталық Азиялық кеңсесін осында көшіруге келіссөз жүргізіп жатырмыз. ТикТок компаниясы да Ресейдегі сервисінде қолжетімділік шектелгендіктен, Қазақстанда кеңсесін ашуды жоспарлап отыр. Сыра өндіруші Carlsberg компаниясы да Ресейдегі өндірісінің бір бөлігін жауып, Қазақстанға көшірмек. Ал ресейлік компанияларға аса мән беріліп жатқан жоқ. Өйткені оларға біздің нарық таныс және түсінікті. Мәселен, 5 айдағы статистикасын салыстырғанда, былтырғы кезеңде елімізде Ресейдегі жеке тұлғалардың қатысумен 450-дей кәсіпорын ашылған. Ал биыл оның саны 3 мыңға дейін жетіп отыр. Оның басым бөлігі сауда, ақпараттық технологиялар, өндіріс және тағы басқа салаларда, – деген А.Айдаров шетелден кеткен ірі компаниялар үшін американдық Honeywell жақсы үлгі көрсетіп отырғанын алға тартты.

Өндірістік технологиялар бойынша әлемдегі алпауыт 100 компанияның қатарына кіретін американдық инвесторлардың шығаратын өнімі Қазақстан ғана емес, аймақтағы басқа да елдер үшін баламасы жоқ, бірегей ноухау болып табылады. Әлем бойынша қызметкерлерінің жалпы саны 110 мың адамды құрайтын бұл өндіріс орнының Қазақстанға келуі елдегі инвестициялық ахуалдың жақсы екенін көрсетуде зор маңызға ие. Келесі жылы американдық бұл компания мұнда тағы бір жобасын жүзеге асырмақ. Қазақстан олармен 1998 жылдан бері ынтымақтастық орнатқан. Егер Қазақстанға инвестиция салуда АҚШ екінші орында тұрғанын және американдық компаниялар қай уақытта да жоғары технологиялығымен ерекшеленетінін ескерсек, оның Орталық Азия кеңсесінің Қазақстанда орналасуына ең алдымен өзіміз мүдделіміз. – Инвесторларға біз дайын алаңдар ұсынылған мүмкіндіктер картасы бойынша республикадағы барлық өңірлерді ұсынудамыз. Өйткені уақыт қысқа, ешкім бәрін нөлден бастағысы келмейді. Қазіргі таңда келіссөз жүргізіліп жатқан шетелдік инвесторлар арасында 1-орында 40 компаниясы бар Германия тұр. Одан кейін АҚШ, Жапония, Италия, Түркия және басқа елдер бар. Олардың салалары әртүрлі. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібі мен тамақ өнеркәсібі басымдау. Ал ақпараттық технологиялық компаниялардың тек ірілерімен ғана жұмыс істеп жатырмыз. Ұтқыр шағын және орташа компаниялар қазірден өз орнын тауып жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі туралы айтуға қазір ерте. Мәселен, Филип Морриспен электрондық темекіні Қазақстанда шығару туралы келіссөз жүріп жатыр. Олар оны бұрын Ресейде өндіріп келген болатын. Ондағы инвестиция көлемі 110 млн доллар. Ал жаңадан ашылатын жұмыс орны 200 адамды құрайды. Carlsberg де солай, олар да өз сырасын бұрын Ресейде өндіріп келген. Енді жаңа желі ашып, осында өндірмек, – деген Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның салықтық, кедендік жүйесінде инвесторлардың бәріне бірдей талап қойылып, олар шетелдік және отандық деп бөлінбейтінін жеткізді. Өйткені тіркелген кезде бәрі қазақстандық заңды тұлға болады. Жалпы, шетелдік инвестиция деген кезде ең алдымен жаңа технология, инновация, жаңа өнімдерге басымдық беріледі. Қазақстан шетелдік инвестицияны тартуда 2021 жылы пандемияға дейінгі деңгейге оралды. Ел экономикасына салынған 23 млрд долларлық шетелдік инвестиция 2019 жылғымен бірдей. Биыл І тоқсанның мәліметі бойынша, өсім 54 пайызды құрап отыр. Бұл дағдарыс жағдайында жақсы көрсеткіш деуге болады. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың сөзіне қарағанда, өндірістік технологиялар саласының әлемдік көшбасшыларының бірі саналатын Honeywell бұрын өз өнімінің бәрін сырттан тасымалдайтын. Енді автоматтандандырылған технологиялық процестерді басқару шкафтары Алматыда өндіріледі. Олар негізінен мұнай компаниялармен жұмыс жасайды. Ал оның қолдану аясы өте кең болғандықтан, жаңа өнімге деген сұраныс алдағы уақытта өспесе, кемімейді. «Алматыда жартыжылдықта жеке инвестиция 20 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны да орнықты болып, 15 пайыздан жоғары болып тұр. Заманауи, ғылыми жағынан сыйымды, жоғары технологиялық, еңбек өнімділігі мен қосымша құны жоғары осындай өндірістер қала басшылығының да басты назарында болады. Алматыда жергілікті және шетелдік инвесторларды қолдауда қажетті барлық инфрақұрылым жасалған. Бізде индустриалдық аймақта жақында елде алғаш рет алюминий радиаторын өндіруге қатысты жоба жүзеге асырылады. Жалпы, алғашқы жартыжылдықта 130 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 6 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», – деген Ә.Әбіқадыров Honeywell-дің аймақтық кеңсесінің басқа емес, дәл Алматыда орналасуына ерекше ықыласты болып отырғанын да жасырмады. Мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығының уәкілі Марат Каримовтың айтуынша, қазіргі уақытта машина жасау өндірісі Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2 пайызын ғана құрайды. Ал оның ішінде мұнай-газ машинасын жасау 0,1 пайыз деңгейінде. Сондықтан болашақта өз өнімдерін Қазақстанда өндіруге көңіл бөліп, бұл бағыттағы өз жобаларын бастап кеткен Honeywell кәсіпорындары енді саланы дамытуға серпін беруі мүмкін. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бұған дейін «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысында: «Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың 6 айында 20,1 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2%-ға көп. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, жалпы, шетелдік инвестициялардың елге келуі 54%-ға артып, $6,8 млрд құрады. Бұл орайда тау-кен өндіру өнеркәсібіне капитал тарту деңгейі 35,7%-ға өсіп, $3,5 млрд құрады», – деді. «Біз Еуроодақтың Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Осы саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Осыған байланысты Еуропалық Одақ елдерінің геологиялық қызметтерін цифрландыру, геология ғылымын дамыту және салалық инфрақұрылым саласында серіктес болуға шақырамыз», – деген Әлихан Смайылов саланы автоматтандыру аясында жер қойнауын пайдаланудағы барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру және интеграциялау арқылы Kaznedra бірыңғай платформасы құрылатынын атап өтті. Бұл платформа инвесторларға «бір терезе» режимінде кешенді сервистік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.

Премьер-Министр Astana Finance Days 2022 конференциясының «Энергетикалық және азық-түлік орнықтылығына инвестициялар. Қазақстандық кейс» деп аталатын панельдік сессияда сөйлеген сөзінде Қазақстан мықты саяси және экономикалық базаға ие бола отырып, ЕАЭО мен Қытайды қамтитын көлемі 1 млрд-тан астам әлеуетті тұтынушысы бар ірі әлемдік нарықтарға шығатын «қақпа» екенін және Орталық Азиядағы транзиттік хаб болып саналатынын атап өткен болатын.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.