Шетел барлау агенті Қазақстан Президентіне қастандық жасамақ болған

Шетел барлау агенті Мемлекет басшысы мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 наурызда ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Президентке және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген қазақстандықты ұстады.

«Ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару кәсіби түрде жасырылып, Қазақстанға бөлшектермен әкелінген», — делінген хабарламада.

Бұдан өзге, күдікті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындағаны хабарланды.

«Алдын ала тергеу барысында ер адам бұл істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.

Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (Терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — дед ҰҚК өкілдері.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.