Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесіне тағы бір бап бойынша іс қозғалды. Ақпаратты Алматы облысы Полиция департаменті жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«10 желтоқсанда азамат Қ. Нұрымов бұзақылық және көліктердің қозғалысына кедергі жасау дерегі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады. Мұнымен тоқтамай айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзды. Бұзақылық дерегі бойынша сот оған 15 күндік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады», — деп жазылған ақпаратта.

Полиция мәліметінше, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында болған іс-әрекет нәтижесінде көлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен асып, іс-әрекеттің қылмыстық баппен саралануына әкеп соғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты, толық тергеу жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.

Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Кейін ол 15 тәулікке қамалды.


Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.