«Шектеу» профилактикалық іс-шарасы өтті

Қызылорда облысы аумағында 24-27 маусым аралығында «Шектеу» профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметі есебінде 600-ден астам сотталған есепте тұр. Пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері 24-27 маусым аралығында пробация қызметінің есебінде барлық сотталғанның мекенжайын тексерді.

Тексеру барысында сот жүктеген міндеттерді орындамай, заң талаптарын бұзған 3 сотталғанға ескерту тәртіптік шарасы қолданылды. 3 сотталғанды бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін, іс – құжаттары Қызылорда қалалық №2 сотына жолданды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...