12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шекараны кесіп өтудің жаңа ережелері айтылды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан шекарасынан өтудің жаңа ережелерін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 ақпаннан бастап елден шығатын азаматтарға жеңілдіктер енгізілді. Қазақстан азаматтарына 30 тәулікте 1 рет шекара бақылау-өткізу пункттері арқылы кез келген мақсатпен шетелге өтуге рұқсат етілді. Күндер есебі азамат Қазақстанға оралған күннен басталады.

Бұл ереже емделуге, жерлеуге, отбасының ауыр науқас мүшелері күтіміне, оқуға, қызмет бабымен шығатындарға, басқа мемлекетте тұрақты тұратындарға және басқа шығу мақсатпен шекара бақыла-өткізу пункттері арқылы өтетін қазақстандықтарға қолданылмайды. Бұл санаттағы адамдар 30 күндік шектеуді сақтамай, елден шыға алады. Шетелге емделуге шығатын Қазақстандықтарда Қазақстанның медициналық мекемелері берген 026/у анықтамасы болуы қажет.

Шекара қызметі өкілдері Қазақстан азаматтары әуе қатынасы арқылы шекарадан шектеусіз өте алатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Германия, Нидерланды, Түркия, біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Оңтүстік Корея, Мальдив, Шри-Ланкаға тікелей әуе қатынасы қалпына келді.

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар, сондай-ақ Қазақстанға отбасы мүшелерімен кездесу мақсатында келетін шетелдіктер үшін шекараны кесіп өту жиілігі 90-нан 30 тәулікке дейін қысқарды. Күндер есебі шетелдік азаматтың Қазақстаннан шыққан уақытынан басталады.

Сондай-ақ, жаңа қағидаға сәйкес «С10», «В8» санатындағы Қазақстан визасы немесе қазақ ұлтына тиесілігі белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттар (жеке куәлік, туу туралы куәлік және нотариалды куәландырылған аудармасы бар) болған кезде этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне Қазақстанға кіруге рұқсат етіледі. Бірақ ол 30 күнде 1 реттен аспауы қажет.

Шекарадан өту мәселелері бойынша қазақстандықтар 8 (7172) 719 111 анықтама қызметі нөміріне хабарласуына немесе шекара қызметінің Instagram-парақшасына хабарлама жіберуіне болады.

Мемлекеттік қызметшіге жүктелер жауапкершілік жоғары

Мемлекеттік қызмет туралы заңмен нақтыланғандай, мемлекеттік қызметке қабылдауда ел...

Ұлт мақтаныштарын топтастырған «300 қайраткер» энциклопедиясы

Желтоқсан айы жыл бойына жасалған істердің қортынды айы деуге...

ТӘЛІМГЕР ЖОЛЫ -ЖАС ПОЛИЦЕЙ ҮШІН ҮЛГІ-ӨНЕГЕ

Тәлімгер болу- үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе, Ішкі істер...

ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында...

25 декабря психологи отмечают свой профессиональный праздник

Именно 25 декабря 1879 года Вильгельм Вундт немецкий психолог...