Шекарада Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбек болғандар ұсталды

АИ-92 маркалы бензиннің 80 тоннасы цемент қаптардың арасына жасырылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 6 наурызда шекарашылар Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінің «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна «АИ-92» маркалы жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан әкетуге жол бермеген.

«Жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған. Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды. Тауар ілеспе құжаттар бойынша «құрама» жүк ретінде рәсімделген», — делінген хабарламада.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....