Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде ел үшің ең маңызды тарихи шешім қабылдар тұста өз таңдауын жасады.

Әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген әйгілі спортшы өз Отанындағы елеулі оқиғаларға айырықша назар аударатынын айтты. Оның пайымынша, Қазақстандағы оң өзгерістер елдің спорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.

Шавкат Рахмонов әлемдік шыңға ұмтылған әр спортшының патриот болуы маңызды екенін тілге тиек етті.

Даңқты ММА шебері негізінен М-1 туының астында өнер көрсетуді жалғастырған спортшы. Оның жеті кәсіби жекпе-жегі осы промоушенде болған, ал қалған бес жеңісі Қазақстан Аралас жекпе-жек Федерациясында (KZMMAF) өтті. Ол осы екі ұйымда кезектесе өнер көрсетіп, жартылай орта салмақтағы KZMMAF белбеуі үшін Фаридун Одиловқа қарсы күресте өзінің алғашқы кәсіби атағын алды. Ол үшінші раундта техникалық нокаутпен титулды жеңген.

Еске салайық, ел мақтанышы осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қабылдауында болған еді.

Жаңа технология ондық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...