Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерді кім ұйымдастырғанын айтты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев видеоселекторлық кеңеске қатысып, Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерді шетелдік зұлым күш ұйымдастырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Әрине, мұнда болған келеңсіз оқиғалар бәрімізді алаңдатады. Нүкіс қаласындағы оқиғалар салдарынан, амал не, тұрғындар қаза тауып, зардап шекті. Осыған байланысты жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін», – деді Өзбекстан президенті. 

Ол осындай сәттерде бейбітшілік пен адам өмірі қаншалықты қымбат екенін түсінетінін айтты.

«Әрине, бұл толқулар бір күн не он күн ішінде ұйымдастырылған жоқ. Бұл әрекеттерді шетелдік зұлым күштер жылдар бойы дайындаған. Олардың негізгі мақсаты – Өзбекстанның аумақтық тұтастығына қол сұғу және ұлтаралық қақтығыс тудыру. Бас прокурордың бірінші орынбасары бастаған тергеу тобы бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл процесске қоғам өкілдері, депутаттар мен белсенділерді», – деді Мирзиеев. 

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...

Сот мұрағаты

Сот жүйесіндегі мұрағат — бұл жай ғана ескі қағаздар...

Дауды медиация тәртібімен реттеу

Қазіргі таңда дауларды сотқа дейін және сот барысында баламалы...