Шартты жаза мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

        Пробация қызметі- қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық атқару жүйесінің органы. Алайда, соттың берген мүмкіншілігіне карамай, адамдар уақытымен соттың үкімін орындамай жатады.

Мысалға келтіретін болсақ, ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған, сотталған  27.05.1999 ж.т. Т.М.И. Риддер қаласы сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шартты жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау орнатылған.Алайда сотталған, Т.М.И. сот жүктеген міндеттерді орындамай,бірнеше рет әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Атап айтқанда,  440 бабы 3 бөлігі  бойынша 2 рет, 449 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Осыған байланысты, сотталғанға ескертулер салынып іс-құжаты 27.07.2022 жылы Өскемен қаласы №2 сотына іс-құжаттар жіберілді. 26.08.2022 жылы сотталған Т.М.И-қа қатысты сот отырысы тағайындалып, сот жүргізіліп, 3 жыл 6 ай  мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы пробация қызметі бөлімінің ұсынымы қанағаттандырылды.   

 Г.М.Таткенова, ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық

 пробация қызметі бөлімі аға инспекторы әділет аға лейтенанты

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...