Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде, ҚР Премьер-Министрінің 13.09.2023 жылғы өкімімен бекітілген Қылмыстық атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, САӘПТЖБ карантин бөлімінің бастығы, жасақ бастықтарының ұйымдастырумен жазасын өтеуші жасөспірімдермен,Алматы дизайн және мода колледж студенттері және тренерлері Сейітов Мадиярдың қатысумен, шағын футболдан спорттық іс шара өтті. 

Шағын футбол тартысты қызықты өтті. Спорттық жарысқа 2-жасақ сотталғандары белсенді қатысты. Есеп 6:2.  №11  мекеме командасы жеңіске жетті. Жеңімпаз командаларды, жасақ бастығы әділет капитаны Б.Жаканов, мақтау қағаздармен марапаттады. Жасөспірім сотталғандардың  спорттық іс шараға қызығушылықтары өте жоғары. Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Спорт-денсаулықтың ғана кепілі болып қалмай, ой-өрістің дамуына әсер, тәртіп пен бірлікке шақырушы,отансүйгіштікке мықты болуға үлесін қосары анық.

                                                                       №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...