Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Аталған күн – әрбір жанұя үшін бірлік пен татулықтың, сыйластық пен мейірімнің символы болып табылады.

Осыған орай, мекемеде жазасын өтеуші сотталған азаматтарға жақындарымен, соның ішінде жұбайларымен бейнебайланыс арқылы тілдесу мүмкіндігі берілді. Іс-шара барысында сотталғандар өз отбасы мүшелерімен еркін сөйлесіп, сағынышын басып, жылы лебіздерін білдірді.

Бейнеқоңырау арқылы ұйымдастырылған кездесулер сотталғандардың психологиялық жағдайына оң әсерін тигізіп, олардың қоғамға бейімделуіне, отбасы құндылықтарын бағалауына ықпал етеді. Әсіресе, жұбайымен тілдесу – әрбір азамат үшін үлкен қолдау мен рухани күш беретіні сөзсіз.

Мекеме қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған бұл игі бастама сотталғандардың түзелуіне, жақындарымен қарым-қатынасты сақтауға және отбасылық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Шаңырақ күні – әрбір жанұяның беріктігін айқындайтын, мейірім мен жылулықты дәріптейтін ерекше мереке. Осындай шаралар арқылы адамгершілік құндылықтар артып, қоғамда отбасының маңызы айқындала түседі.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...