12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шағым беруде соттылық туралы қағидалар толық сақталуы керек

Қылмыстық процестік кодекстің 32-бабының 2-бөлігінде белгіленген  қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерiне жатады. Мұндай істерде іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымымен басталып, айыпталушы, сотталушымен татуласқан жағдайда тоқтатылады. 

Жекеше айыптау сотқа қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым түскенде қозғалады. Есте ұстарлығы, шағым беруде соттылық туралы қағидалар толық сақталуы керек. Анықтау органына, тергеушiге немесе прокурорға берілген шағым сотқа жiберiледі.  Осы кодекспен айқындалғандай, шағымда соттың атауы, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының сипаттамасы, дәлелдемелер, сонымен қатар, оның жасалған орны мен уақыты, сотқа iстi iс жүргiзуге қабылдау туралы өтiну, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы мәлiметтер, сотқа шақырылуы қажеттi куәлардың тiзiмi көрсетілуі қажет. 

Жекеше айыптауды бiрнеше адам нақты бір адамға қатысты қозғайтын болса, шағымды бірлесіп немесе әрқайсысы жеке-жеке беруге болады.  Іс бiр арыздың негізінде қозғалса, қалғандары iс жүргiзуге қатысады. Шағым соттың iс жүргiзуiне қабылданған сәттен бастап оны берген адам жекеше айыптаушы әрі жәбірленуші саналады, оған заңда көзделген құқықтарытүсiндiрiледі. Сот отырысын тағайындауға негiз болса шағым берiлген тұлға шақырылып, iс материалдарымен таныстырылады. Осы кодекстiң 65-бабына сәйкес, құқықтарын түсiндiріліп, бұл туралы одан қолхат алынады.

Жекеше айыптау жөніндегі қылмыстық істерді қарау кезінде заңдарды біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсанда «Жекеше айыптау істері  бойынша сот практикасы туралы» № 13 нормативтік қаулысы қабылданған. Осы санаттағы істерді қарауда бұл нормативтік қаулының көмегі зор. 

Жекеше айыптаушы мен сотталушы өздері сотқа шақыратын куәлардың тізімін берулерікерек. Тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiріледі. Олар татуласу туралы арыз немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім түсірсе iс бойынша iс жүргiзу осы кодекстiң 35-бабы 1-бөлiгiнiң 5) тармағы негiзiнде сотқаулысымен тоқтатылады.  Татуласуға қол жеткiзiлмесе iс сот отырысында қаралуғатағайындалады. 

Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау Қылмыстық процестік кодекстің 411-бабымен белгіленген алып қоюларды қоспағанда сот талқылауының жалпы қағидаларына сайжүргiзiледi. Жекеше айыптау жөнiндегi iсті қарауда ҚПК-нің қағидалары басшылыққа алынып, мына шешімдердің бірі қабылданады. Атап айтқанда, айыптау немесе ақтау үкiмi шығарылады, iс тоқтатылады, жариялы немесе жекеше-жариялы тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталса, іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу туралы мәселенi шешу үшiн тиісті прокурорға жiберіледi. Соттың жекеше айыптау iсi бойынша шығарған шешiмдерiне тараптар осы кодексте көзделген тәртiп пен мерзiмде жалпы негiздерде шағым жасауға құқылы.

Жекеше айыптау бойынша iс жүргiзудi тоқтату тәртiбi 47-тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, ҚПК-нің жалпы қағидаларымен айқындалады.

Бейнеотгуль Кайсина

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

В рамках акции «Таза Қазақстан» сотрудники учреждения №20 провели субботник

В рамках акции «Таза Қазақстан» сотрудники учреждения №20 провели...

№20 мекеме қызметкерлері аумақты абаттандыру және тазалау мақсатында сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында №20 мекеме қызметкерлері аумақты абаттандыру...

Қызылордада есептегі жастар спорттық сайысқа қатысты

Қызылордада пробация есебіндегі жастар арасында кроссфит спорттық сайысы өтті,...

Праздник книги в сердце столицы

ВПЕРВЫЕ В КАЗАХСТАНЕ ОТМЕТИЛИ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ДЕНЬ КНИГИ, И В...

Профилактика правонарушений 

В Туркестанской области сотрудники управления по борьбе с организованной...