12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үш жарым жыл комада жатып оянғанда, күйеуім басқаға үйленіп кетіпті — Қазақстандық актриса

Отбасы — кішігірім мемлекет. Қай заманда, қай елде болмасын отбасының адамзат ұрпағы мен әсерін өмірдегі еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Осы құндылықтарды сақтап қалу жұбайлардың парызы. Бүгін кейіпкердің тағдыры шытырман оқиғалы сериал тәрізді. 3 жылдан аса комада жатқан келіншек өмірге қайта келгендей күйде.

Бұл туралы Неке сыры бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

«Менің атым Мая. Ақтөбе тумасымын. Сүйіктімді жолықтырып, тұрмысқа шықтым. Бақытты едім. Балалы болдым. Қызым өмірге келді. Күйеуімді сүйдім. Алайда барлық қиындық тұрмыс құрған соң басталды. Жолдасымның тұрмысы жақсы еді. Ата-анасы мені, менің отбасымды қабылдамады. Мені жақсы көрмеді. Тек жолдасымның таңдауы болған соң ғана келін болдым. Сені қабылдамағанмын, сені ұлым таңдаған соң ғана үйлендірдік, сені жақсы көрмеймін деп бетіме айтып отыратын. Мен оған сөз қайтарған емеспін. Тек күйеуіме айтатынмын. Ол үндемейтін. Ол отбасындағы жалғыз ұл болды. Ата-анасына қарсы шықпады. Енем екеуміз екі жағынан миын жеген шығармыз», — дейді Мая.

Айтуынша, үйлену тойында да өз ата-анасы болмапты. Үлкен қалада тек өзі ғана болған. Қайын жұрты уәде еткенімен той болар күні пойызға билет алып бермеген. Сол себепті туыстары тойға келе алмайды. Мая өзін бақытты келін сезіне алмағандықтан, енемен арадағы даудан соң денсаулығы сыр бере бастайды. Бәрін жүрегіне жақын қабылдағандықтан, екі рет инсульт алады.  Ақыры 3 жарым жыл комаға түседі. Бұл аралықта қасында анасы болған.

«Комадан есімді жиғанда Бауыржан деп жолдасымды шақырды. Анам «ол сені тастап кетті» деді. Менімен ажырасып кеткен екен. Оны қабылдай алмағандықтан қайта комаға түсіппін. Кейін анамды да қасыма жолатпады. Есімді жиғанда жолдасымның үйленіп алғанын, өзінен 13 жас кіші әйел алғанын, екі баласы барын білдім. Өзім мүгедектер арбасында отырдым. Ол маған бақытты екенін айтты. Сондықтан оны жайына қалдырды. Бірақ өзімді тастап жібердім. Сәл уайымдасам, денем тартылып қалатын болды. Алайда бәрін жеңем деп бекіндім. Алла маған көмектесетініне сендім. Алла менімен бірге болды. Мені аяққа тұрғызды», — деді кейіпкер.

Мая Тайшыбаева жаңадан сөйлеп, жүріп, өмірге деген өзқарасын өзгертті. Өзін жақсы көру керек екенін, өзіне қарау керек екенін түсінді. Өзіне деген сенімі пайда болды. Әр адамға ренжи бермеу керек екенін айтады. Алайда күйеуі қазір келсе, қайта қосылуға дайын. Бәріне кешіріммен қараймын деп отыр.

«Мен комада жатқанда жолдасым ішімдік ішіп кеткен екен. Кейін үйленіпті. Бірақ маған деген сезімі бар деп ойлаймын. Оны мойындаудан қорқады. Егер қазір қайта келсе, мен оны қабылдауға дайынмын. Өткеннің бәрін ұмытар едім. Бәріне көз жұмамын. Оны құшағыма алсам, бәрін ұмытамын деп ойлаймын», — деді ол.

Психолог маманның айтуынша, Мая бәрін жүрекке ауыр қабылдаған. Әр адамға реніші бар. Әсіресе, гинекологиялық аурулар ер адамға деген реніштен пайда болады. Әкеге, ағаға, күйеуге деген реніштен болады. Мая екі рет гинекологиялық ота жасатқан. Одан бөлек өзін қарыздармын деп есептейді. Анасына, әкесіне, бауырларына, енесіне, жолдасына қарыздар сезінеді. Өзін ойламайды. Ешкім ешкімге қарыздар емес. Осыны түсінгенде ғана адам бақытты сезіне алады», — деді психолог Әлия.

Бағдарлама қонақтары, сарапшылары мен арнайы мамандар Маяға өзін жақсы көрге кеңес береді. Өткеннің бәрін ұмытып, өзіңе көңіл бөл деп ақыл айтты. Өмірде одан да жақсы жігіт жолығады деп сендірді.

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар...

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер пациенттерді қабылдады

Түркиядағы Medicana Health Group клиникасының профессорлары Облыстық балалар клиникалық...

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...