ШҚО-да сотталғандар Сәбилер үйіндегі балаларға сыйлық жасады

Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Семей қаласындағы ШҚО ҚАЖД-не қарасты ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірі ертегі кейіпкерлерінің бейнелерінен темірден қабырғаша жасап, сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне сыйға тартты. Сәбилер үйінің тәрбиелеушілерінің айтуынша бұл ерекше сыйлық балаларға қатты ұнаған. Айта кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында сот үкімімен берілген 10 жыл жазасының, Дмитрий (есімі өзгертілген) 7,5 жылын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады.
«Бостандықта жүргенімде мен дүниеде жетімдердің бар екеніне, біздің әрбір назарымыз оларға маңызды екеніне мән бермедім. Осы жерде отырып білген күннен оларға ойыншықтар, дидактикалық материалдар, көмекші материалдар жасап, мекеме әкімшілігі арқылы жібере бастадым. Осы орайда менің бостандыққа шыққаннан кейін жүзеге асырғым келетін жоспарларым бар. Бүгінгі қабырғаша менің тұтқындағы балаларға соңғы сыйлығым болады деп сенемін, – деді сотталған Дмитрий.

«Балалар Дмитрийдің жасаған сыйлықтарға қашанда риза, олар сапалы материалдан, өткір бұрыштары жоқ, ашық түстермен боялып жасалады. Сүрінбейтін тұяқ жоқ, енді оның түзелуге тағы бір мүмкіндігі бар, сол мүмкіндікті Дмитрий жіберіп алмайды деп ойлаймын», – дейді балалар үйінің директоры Ербол Қапанович.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...