12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 115 шетелдік жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 115 шетелдік жауапқа тартылды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1-5 ақпан аралығында өңір бойынша «Мигрант» жедел алдын алу шарасы жүргізілген. Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзған 232 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 115 шетелдік азамат бар.

«Заңды сақтамаған шетелдіктердің 113-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 2 адам (Ресей мен Өзбекстан азаматтары) елден шығарылды», — деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сонымен қатар жедел алдын алу шарасы барысында жеке басын анықтау үшін қабылдау-бөлу мекемесіне 2 адам орналастырылған. Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының 1 азаматын ұстады.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

Казахстан: Кардинальные перемены в борьбе с пытками и защите прав человека

Право каждого человека на защиту от пыток и жестокого...

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...