ШҚО-да 250-ге жуық пробация есебінде тұрған тұлғалар бас бостандығынан айырылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері есепте тұрған 1400 ге жуық сотталғандардың тарапынан көптеген бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде, бүгінде 250-ге жуық есепте тұрған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру үшін материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Сот шешімі негізінде сот залынан қамауға алынып, бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді. Бұл адамдарға бұрын қызметкерлер жазаны өтеу шарттары бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыруға жазаның жеңіл түрін алмастыра алатындығы туралы ескерткен. Алайда, ескертулерге қарамастан, есепте тұрғандар жазаны өтеу шарттарын бұзуды жалғастырды. Қызметкерлер пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу шарттарының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарды, – деп атап өтті Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Каим Ожиканов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыстың пробация қызметтерінде 1000 аса тұлға есепте тұр.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...