12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ш.БАРАТОВ: «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ»

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Ынтымағы ұйыған байтақ жеріміз барша жұрттың баласын бауырына басып, өзге елдерге үлгі болуда. Қазақстанды отаным деп білетін олардың әрқайсысы да бүгінде түрлі салада жұмыс жасап, отанға қызмет етуде. Солардың қатарында Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал АПБ көші-қон полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Шохрух Баратов та бар.
Ішкі істер саласында 2019 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Шохрух Баратов өз ісінің білікті маманы. Ұлты тәжік болғанымен, қазақ тілін ана тілім дейді. Мақтааралдың тумасы өзінің біліктілігі мен мемлекеттік тілге деген құрметінің арқасында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген. Өзінің табандылығы мен еңбекқорлығымен Алғыс хаттар еншілеген. Соның бірі жуырда елордада өткен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл-бірліктің негізі» атты республикалық іс-шараға қатысып, министрліктің арнайы Алғыс хатымен марапатталғаны дер едік. Бұл сапар полиция капитанына тың серпін берді.
«Астанада Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық шарада еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестерімізбен жүздесіп, тәжірибе алмастық. Мемлекеттік тілде сөйлесіп, өз ойларымызды ортаға салдық. Бұл басқосу маған үлкен серпін берді»,- дейді Шохрух Зафарұлы. Сондай-ақ ол осындай басқосулардың жиі өткізіліп тұрғаны мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде маңызы жоғары болатынын және Отанға қызмет ер азаматтың борышы екенін де назардан тыс қалдырмайды.
«Отанға қызмет ер адамның борышы десек, мемлекеттік тілге құрмет те сол қызметтің үлкені болмақ. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, оған құрмет көрсетуі керек. Татулықтың темірқазығы болған еліміздің амандығы- баршамыздың амандығымыз. 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Еліміз әлемдегі іргелі елдер қатарынан орын алып, ынтымағымыз арта берсін!»,- дейді ол.
Отбасында аяулы әке, сүйікті жар Шохрух Зафарұлы жастардың бойында отанға деген патриоттық тәрбие молынан болса дейді. Тілегі- Отанының амандығы мен елінің береке бірлігі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Отан отбасынан басталады»

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С.Қалиев, М. Смайылова,...

Полицей жас сақшылармен бірге кітапханада қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне арналған кездесу өткізді

Полицейлер жас сақшыларға Абай шығармашылығын дәріптедіҚазақтың біртуар азаматы, қара...

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын...

Судья – әділдік айнасы

Қазақстан – құқықтың мемлекет болғандықтан, мемлекетіміздің басты кейіпкері соттар...

Электрондық бақылау құралдары

Электрондық бақылау құралдары (ЭБҚ) — қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарды бақылау...