12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Съездердің соттар үшін маңызы зор

Қазақстанның сот жүйесі тарихында тоғызыншы рет өткізілетінн ҚР Судьялар съезінің тек сот жүйесі үшін емес, жалпы ел үшін маңызы зор.  Бұл күнде әрбір төрт жыл сайын атқарылған жұмыстарды жан-жақты саралап, жүйелі жоспарлар жасау сот қауымдастығының игі дәстүріне айналды.  Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясында көрсетілгендей, біздің басты мақсатымыз – өркениетті  мемлекеттер қатарына қосылу. Елдігімізді нығайтатын бес институттық реформа аясында «100 нақты қадам» ұлт жоспарында алға қойылған міндеттер біртіндеп жүзеге асырылуда. Конституциялық реформалар жасалып, көптеген заңдар толықтырылды, сот жүйесіндегі ауқымды реформалар нәтижесін  беруде.

Сегіз съезде көтеріліп, жүзеге асқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсек, I басқосудағы басты жаңалық Судьялар одағы қоғамдық бірлестік ретінде құрылып, Судья әдебі кодексі мен одақ филиалдары жөніндегі ереже қабылданды. Елімізде сот приставтары институты пайда болды. ІІ съезде қатысушы судьялар Қазақстан Судьялар одағының «Халықаралық Орталық Азия судьялар ассоциациясы» мен «Халықаралық заңгерлер одағына» кіруге дауыс берді. Сондай-ақ, судьялыққа тағайындаудың неғұрлым ашық өтуі осы басқосуда көтеріліп, Қазақстан Рес­публикасы соттарының және судьяларының мәртебесі туралы заңы жаңартылды. Өйткені, Қай саланың болсын қарқынды дамуында кадрлар рөлі ерекше. Мәселен, сырт көзге судья болу оңай көрінгенімен, шын мәнінде олай емес. Халық түсінігінде судьяның қателесуге хақы жоқ. Содан болар, жұртшылық судья бойынан бір ауыз сөзбен бүкіл бір елдің мәселесін шешкен қазақ билерінің қасиетін көргісі келеді. Әрине, бұл талап үддесінен шығу үшін кадр таңдаудың маңызы зор. Қазіргі күні судьяларды іріктеу процесі өзгеріп, олардың қызметін бағалаудың жаңа жүйесі жұмыс істейді. Болашақ судьялар тізімі БАҚ-тар арқылы жарияланып, халық пікірі қаперге алынатын болды. Әрбір судьяға сот төрелігін іске асыру мемлекет атынан сеніп тапсырылады, осы себепті, олардың білім-білігі әр қырынан қатаң сынға түседі. Бұдан сүрінбей өткендер ғана судьялыққа тағайындалып, қызметте жоғарылауға жол ашылады.

 III съезде соттарды мамандандыру мәселесі қозғалды. ІV сьезден кейін судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтуі туралы нормалар жаңартылды. Сот төрелігі институты академия дәрежесіне ие болды. Медиация және Алқа билер инситуттары өмірге енді. V съезд Қазақстанның Судьялар одағы Халықаралық судьялар ассоциациясының толыққанды мүшесі болуымен есте қалды.  VІ съезде сот қауымдастығының алдына Азаматтық процестік кодексті жаңарту, соттардың құрылымын жетілдіру, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін одан әрі дамыту, т.б. келелі  міндеттер мақсат етілді. Сала жұмысына озық технологияларды дендеп енгізу шаралары жанданды. Тергеу судьялары іске кірісті. ҚР Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заң толықтырылды. Кезектен тыс өткізілген VІІ съезде Судьялардың әдеп кодексі жаңартылды.  Съезде сот жүйесін дамыту, атап айтқанда, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту және тағы да басқа мәселелер талқыланады. VIIІ съезде де ауқымды мәселелер ортаға салынғаны баршаға мәлім. Алғашқы съезден бері 28 жыл өтіпті. Бүгінгі күні сот жүйесі қағазбастылықтан арылып, электронды  сот төрелігіне көшті. Сот істерін тиімді шешудің жаңа тетіктері қалыптасты. Съездерде жүктелген тапсырмалардың бастысы соттың ашықтығы мен қолжетімділігі болса, бүгінде ол мақсатқа жеттік деуге толық негіз бар.

Алдағы ХІ съезде қазылар қауымының Әдеп кодексінің жаңартылған нұсқасы қабылданады. Жалпы айтқанда, Әдеп кодексі судьялардың кәсіби, сондай-ақ, қызметтен тыс өміріндегі мінез-құлықтарының этикалық ережелерін анықтайтын маңызды құжаттарының бірі. Сондықтан, құқықтық доктриналар мен заң талаптарыныың өзгеруі, жаңа халықаралық стандарттардың жариялануы, т.б. кодекс ережелерін қайта қарастыруды  қажет етеді. Кезінде Шоқан Уәлиханов қазақтың әділ сотына берген өзінің жоғары бағасын бір жағынан бидің жеке тұлғасымен және мәртебесімен байланыстырса, екінші жағынан, әділ соттың іс жүргізудегі қарапайымдылығымен, жариялылығымен және халықтық   сипатымен   түсіндірген екен. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі сот жүйесі ғалым айтқан талаптармен үндесіп тұр. Саладағы басты тұлға судьялардың мәртебесі жоғары, бүгінде сала жұмысы ашық әрі қолжетімді, халықтық сипатқа ие.

Дәурен Тілеубаев,

Алматы қаласы Бостандық аудандық

 сотының төрағасы,

«ҚР Судьялар Одағы» РҚБ Алматы қалалық

филиалының төрағасы

Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді

Бүгін, 25 қыркүйекте Астананың орталық саябағында атом өнеркәсібін дамыту...

Мемлекеттік қызмет   белсенді жастарға   жана  мүмкіндіктер береды

Жастар – еліміздің басты стратегиялық ресурсы. Сондықтан мемлекеттік қызметте...

АЛМАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

2024 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласының Алмалы ауданында маңызды...

В АЛМАЛИНСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫЛСЯ НОВЫЙ СКВЕР

12 сентября 2024 года в Алмалинском районе города Алматы...

АЛМАЛЫ АУДАНЫНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

2024 жылғы 13 қыркүйекте Алмалы ауданындағы Сайран көлінің аумағында...