«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры ұсталды

1 сәуірде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«1 сәуірде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауында», — деді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш құбырдың бірі құлаған болатын. 22 наурызда «ЖЭО-2» ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ЖЭО-2-дегі апаттан кейін құқық қорғау органдары ҚР ҚК-ның 254-бабы «Мiндеттерiне адал қарамау» бойынша қылмыстық істі тергеуге кіріскен.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...