12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сергектің» айыппұлы заңсыз

Алматы жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға лицензиялары бар автотасымалдаушылардың атына 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қоғамдық көлікке арналған жолдарда жүргені үшін айыппұлдар келіп түсе бастаған көрінеді. Бұл қалалық кәсіпкерлер палатасына жолаушылар тасымалымен айналысатын 7 кәсіпкерден түскен ұжымдық өтініште мәлім болды. Оларға 160 мың теңгеден астам сомаға 21 ұйғарым жолданған көрінеді. Тасымалдаушылар ұсынылған талаптармен келіспегенмен, есеп айырысу шоттарын жабудан қорқып айыппұлды төлеуге мәжбүр болған. Олар уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінгенмен еш нәтиже болмаған. Ал әкімшілік полиция бөлімінен екі түрлі жауап алады. 
Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, алғашқы жауапта «тыйым салынған көлік құралдарына арналған жолдарда … қозғалыс болмайды және осы жолда басқа көлік құралдарының тоқтауына болмайды» және «қоғамдық жолда жүруге рұқсаттар мен құжаттар беру заңда көзделмеген» делінген. Екінші жауапта: « қоғамдық көліктерден басқа, жол қозғалысына тыйым салынған жолдарда көлік қозғалысы жасалынбайды және басқа көліктер осы жолда жүрмейді» деп жазылған. Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы қоғамдық көлікті «жолаушылар мен багажды, таксилерді тұрақты және жүйесіз автомобиль көлігімен жүзеге асыратын қоғамдық көлік» деп санайды. Сондай-ақ, тасымалдаушы автобустың нөмірлері базаларға енгізілмеген және айыппұлдары жойылмаған. Бұл мәселені зерттеген Палата сарапшылары Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының ұсынған түсініктемелерімен пен келіп түскен нұсқамаларын заңсыз, негізсіз, бизнеске әкімшілік қысым көрсететін және әкімшілік тосқауыл деп санайды. Сондықтан ол 2019 жылдың 19 желтоқсанда уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Алматы қаласы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіліп, оны шешу үшін ұсыныстар қабылдау керектігі туралы резолюция қабылданды.
Осы арада айта кететін бір жәйт қалалық автобус қызметі тұрақты және тұрақты емес болып бөлінеді. Көліктің екі санаты да лицензияланған. Тұрақты жолаушылар көлігі дегеніміз белгілі бір маршрутпен жүретін тасымалдаушылар. Нұр-Сұлтан қаласында да қоғамдық көлікке арналған жолдар бар, оларды тұрақты емес тасымалдаушылар заңды түрде пайдалана алады. Осыған орай 21 қаңтар күні Палата алаңында осы мәселені шешу үшін жұмыс тобының отырысы өтті. Онда уәкілетті орталық және аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері бейне байланыс арқылы байланыс орнатып, тәжірибелерімен бөлісіп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді. Палата Алматы қаласының прокуратурасына уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жан-жақты зерделеу бойынша жұмыс жүргізу және жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен хат жолдады. Онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының шешімін орындау мақсатында ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2020 жылға арналған ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы басшылыққа алынды. Прокуратура Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының атына осы айыппұлды төлеген кәсіпкер мүддесіне наразылық білдірген. Сот прокурордың наразылығын толық қанағаттандырды және қылмыс құрамының болмауына байланысты кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Атамекен» ҚР ҰКП сауалына жауап ретінде: «егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келсе, ол маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен қозғалысты жүзеге асыруға құқылы» деп хабарлады. Соның нәтижесінде автотасымалдаушыларға қатысты айыппұлдар жойылады және оларға қоғамдық көлік үшін жолдарды пайдалануға рұқсат етілетін болды.
Е.КЕБЕКБАЙ «Заң газеті»

[ratings]

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...