«Сенім-тұтқында»

Қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі сотталғандарды түзеу және қылмыстардың қайталануын алдын алу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу сотталғандарды қайта тәрбиелеу, оларды қайта әлеуметтендіру, сотталғандарға этикалық нормалар мен мінез-құлық қағидаларын дарыту, сотталғандардың дүние танымында құқық нормаларын қатаң сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қажеттігін бекіту жөніндегі міндеттерді шешу нәтижесінде мүмкін болып табылады.

Жоғарыда аталған қайта тәрбиелеу әдістерін ескере отырып, сотталғандарға діни әсер етудің ерекше маңызды рөлін атап өткен жөн.

Осыған орай, діни бірлестіктердің мекемеге бару кестесіне сәйкес, 25 маусым күні «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-ге «Орыс Православие шіркеуінің» өкілі Йеромонах Серафим (С. В. Максимов) барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, келді.
Ресми дін өкілдері кездесу барысында «Крещения» рәсімін өткізді, оған тоғыз сотталған қатысты. Рәсімнен бұрын сотталғандармен рухани әңгіме болды, оның барысында дін қызметкері «Крещения» рәсімі адамның рухани жаңаруы мен күнәлардан тазаруын білдіретін жаңа өмір жолының бастауы, сондай – ақ шынайы сенім, тәубе және Құдайдың өсиеттерін орындауды талап ететін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
Өз кезегінде, сотталғандар діни қызметкерлерге кездесу барысында діни сипаттағы сұрақтарға жауап алғаны үшін алғыс білдірді.

СӘПТЖБ ТОЖТ инспектор-теологы
әділет аға лейтенанты Калмышев А.М.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...