Сенбілікке шықты

ҚР ҚК-нің 44-бабына сәйкес бас бостандығынан шектеу жазасына сотталағандарды мәжбүрлі еңбекке тарту тәртібі көрсетілген. Қоғамнан оқшауланбай жаза өтейтіндерді мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар ұймдастырады. Осындай тәртіппен жуырда заңға сәйкес осындай іс-шара Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметі Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасымен және мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандар аудан аймағын тазарту мақсатында сенбілік жұмысқа шығарылды.

Сенбілік кезінде сотталғандар Алатау ауданында орналасқан «Халық саябақ»  аумағы тазалау, тұрмыстық қоқыстарды жинап шығу жұмыстарын атқарды. Өздерінің жасаған істеріне өкініп қана қоймай еңбектің қадірін түсініп, айналамызды, қоршаған ортамызды таза ұстау ластамау адамзатқа тиесілі екенін ұғынды.

Алматы қаласы Алатау аудандық ПҚБ-нің инспекторы.

әділет аға лейтенанты  Ж.Сайпилмулик

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...