12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Семинар отырысы – соттағы қауіпсіздік

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Соттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Оған соттың кеңсе меңгерушісі М.Б.Билялова, сот приставы С.Ш.Әлібеков және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бірлескен бұйрығымен бекітілген аумақта және сот ғимараттарында келушілердің объектіге және аумаққа кіру режимін бақылауды қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 06 сәуірдегі мәселелері талқыланды.

Соттың кеңсе меңгерушісі Билялова М.Б. өз сөзінде ол семинардың мақсаты күзет қызметкерлерінің қырағылығын арттыру, сотта рұқсатты бақылау мен объектішілік режимді қатаң сақтау екенін атап өтті.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың келеңсіз зардаптарын болдырмау үшін күзет қызметкерлері мен сот приставтары іс-әрекеттері жедел әрі үйлестірілген болуы керектігі баса айтылды.

 Сот приставы С.Ш.Әлібеков істі қарау соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында отырған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өтуі керектігін және сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауды сот приставы қамтамасыз ететінін түсіндірді, сондай-ақ семинар-конференцияға қатысушыларға аумаққа және сот ғимаратына атыс қаруы мен суық қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды және тез тұтанғыш заттарды әкелуге тыйым салу туралы түсіндірді, сонымен қатар сот қызметкерлерінің процессуалдық емес қарым-қатынасына жол бермеу туралы айтты. Қылмыстық процеске қатысушылар мен сотқа келушілер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтайды.

Семинар соңында сот ғимаратында қауіпсіздік шаралары мен қолжетімділікті бақылауды күшейту, қызметтік борышын орындау кезінде заңды құрметтеу туралы шешім қабылданды.

Сырымбет Әлібеков,

Ақмола облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соты кеңсесінің сот приставы

Кассациялық соттың маңыздылығы

Жоғарғы Сот төрелікке деген сенімді одан ары арттыру мақсатында...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.