Семейдің қауіпсіздігі аралас түзеу мекемесінде Неке тіркелді

2018 жылы есірткі сатқаны үшін сот үкімімен он жылға бас бостандығынан айырылған 39 жастағы сотталған, бүгін алғашқы махаббатымен заңды некеге тұрды.
«Мен тұтқындалған уақытта, мен үйленген болатынмын, он бір жасар қызым бар еді. Алдымен әйелім кездесуге келіп жүрді, бірақ үш жылдан кейін ол шаршағанын айтқан соң, мен оны ұстамадым. Туыстарымның әңгімелерінен менің алғашқы махаббатым болған қыздың жеке өмірі оңалмай жүргенін білдім. Мен оның телефон нөмірін тауып, таксофон арқылы хабарласа бастадым. Көп ұзамай мен оған ұсыныс жасадым, ол келісті. Мекеме басшылығының көмегімен бүгін үйлендік», — деп бөлісті сотталған.
Жас жұбайлардың некесін тіркеу рәсімін, арнайы осы мақсатпен келген АХАТ қызметкері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, салтанатты шараның барлық дәстүрлерін сақтай отырып жүргізді
«Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың неке қиюларының басты мақсаты – олардың отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін ояту, сол арқылы сотталғандарды тәрбиелеу үдерісіне ықпал ету», — деді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Асхат Керімханов.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...