12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Семейде №19 мекеме қызметкерлері тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері Владимир Лукич Андрейцев пен Валентин Иванович Коневті Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл шара «Халық қаһарманы» Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтті.
Ардагерлер бір кездері өздері қызмет еткен мекеме ұжымын жылы лебізімен қарсы алды. Олар жас қызметкерлерге еңбек жағдайының қандай болғанын, өз заманында қандай жұмыс атқарғандарын айтып берді. Ал жас қызметкерлер сотталғандармен жүргізілетін қазіргі жұмыстар туралы әңгімелерімен бөлісті.
Қоштаса келе, олар қызметкерлерге денсаулық, жұмыстарына табыс тіледі. «9 мамыр – біздің ұжым үшін ең қастерлі де салтанатты мереке. Бұл қасиетті күн, мекеме ұжымы осыдан көп жыл бұрын ұрпақ игілігі үшін ерлік көрсеткен азаматтарға тағзым етеді. Жеке құрамға патриоттық тәрбие беру мекеме қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, өйткені патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық, оның мүддесіне қызмет етуге ұмтылу және оны қорғауға, тарихын құрметтеуге дайын болу», — дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...