Абай облысында ҚАЖД ұарасты №19 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылды.
Мекемедегі барлығы 10 жасақта ұсталатын сотталғандар қатарынан 10 қатысушы додаға түсті. Жарыстың ұйымдастырушы Семей қаласының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ойынға өздері төрешілк етіп, ең мықтыларды марапаттады.
«Жарысқа қатысушы азаматтар арасында шын мәнінде есепке жүйріктері анықталып, дода қызу өтті. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз еткен мекеме қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз», — деді Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкері Мейрамбек Балиев.


