Семей полициясының жаңа басшысы тағайындалды

Ернар Базаров Семей қалалық полиция басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың 21 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының ПД басшысы Серік Жүнісбеков жеке құрамға Семей қалалық полиция басқармасының жаңа бастығын таныстырды. ПД басшысы болып Ернар Базаров тағайындалды», — делінген хабарламада.

Ернар Базаров құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2000-2012 жылдар аралығында Семей қалалық Ішкі істер басқармасында әртүрлі қызметтерді атқарған, соның ішінде тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болған.

2012 жылғы қарашадан 2018 жылғы ақпанға дейін Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде қызмет етті. 2018 жылдың ақпан-қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2018 жылдың 31 қазанынан бастап осы бөлімнің бастығы қызметін атқарған.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...