Семей қаласындағы түзеу мекемесінің бастығы үздік сарбаздарды марапаттады

Қазақстанның әр аймағынан келіп, бір жыл бойы жақындарынан жырақта жүріп, әскери міндетін адал орындаған 51-ге жуық сарбаз үйлеріне қайта оралуға дайындалуда. Осындай айтулы күні Ұлттық Ұланның № 5511 әскери бөліміндегі үздік сарбаздары әскердегі тәртіпке бағынып, қызмет атқару кезінде мінсіз қызметтің үлгісін көрсеткен ынталары үшін Семей қаласы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекеме бастығы алғыс хаттарымен марапаттады.

«Мекеменің тыныштық пен тәртіптің сақталуы – ең алдымен қарауыл күзетінде мінсіз қызмет атқарған қырағы сарбаздарымыздың арқасы. Олар бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын меңгеріп, жауынгерлік мектептен тәлім алды, темірдей тәртіпке үйренді. Отанға адал болуға әскери Ант берген күннен бастап, ерекше жауапкершілікті қажет ететін осы қызметті адал да абыроймен атқарған сарбаздарымыз алдағы уақытта да Отан сүйгіштіктің жарқын үлесін көрсете береді деп сенемін»,- деді мекеме бастығы Роллан Жумажанов.

«Ұлттық Ұланның қатарында әскери міндетімді түзеу мекемісінде адал атқарып шыққаныма еш өкінбеймін. Мен үшін бұл үлкен абырой. Себебі бір жылдың ішінде жинақылыққа үйрендім, уақыттың қадірін білдім. Ең бастысы- Отанды сүю, елге қызмет етудің ережесі де қарапайым болатынына көзім жетті»,- дейді жас сарбаз.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...