Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей мәслихатының кезектен тыс сессиясында Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев Нұрсағатовтың кандидатурасын бекітті. Нұрбол Нұрсағатов – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Нұрбол Нұрсағатов ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, Астана әкімдігі Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы директорының орынбасары, ШҚО Көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Алматы әкімдігі құрылыс басқармасы, Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...