Семей қаласында халықаралық деңгейдегі трансформациялық ойындар фестивалі өтті

Абай облысы, Семей қаласында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған трансформациялық ойындарды кеңейту фестивалі сәтті өтті. Бұл фестиваль бір мезетте ТМД елдерінің 9 мемлекетінде және Қазақстанның 9 қаласында өткізілді. Аталмыш шара адамның өзін-өзі тануына, рухани өсуіне және ішкі үйлесімділігін арттыруға бағытталған.

Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі мамандар мен ойын практиктері қатысып, өз авторлық және танымал әдістемелерін ұсынды.
Солардың ішінде психолог-инспектор Оразбаева Асемгүл Оралбекқызы ерекше көзге түсті. Ол кәсіби ойын практигі ретінде «Родовой махаббат ағынында» атты трансформациялық ойынды сәтті өткізіп, қатысушылардың зор ықыласына бөленді.

Асемгүл Оралбекқызының бұл еңбегі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, оның есімі Гиннес рекордтар кітабына ойын практигі ретінде енді. Бұл — тек Семей қаласының емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы.

Біз өз ісіне адал, кәсіби шеберлігін дәлелдеген Асемгүл Оралбекқызын шын жүректен құттықтаймыз! Оның еңбегі — еліміздегі психологиялық қауымдастықтың дамуына зор үлес қосып отырған үлгі.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....