12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ НЕГЕ ТӨМЕН?

«Саяси партиялар туралы» заңның қабылданғанына биыл – 23 жыл. Саяси партия – азаматтардың, əртүрлi əлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi жəне атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру жəне оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi.

Сол себепті Мемлекет басшысы былтырғы жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғанына бес жылдан астам уақыт өткенін, осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мəдениеті өзгергенін жəне пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі жəне түрлі диалог алаңдары пайда болғанын атап өтті. Сондай-ақ қазақстандықтардың əкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу туралы талабы бойынша 2021жылы ауыл əкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгенін, содан бері 2,5 мыңға жуық əкім сайланғанын да білеміз. Бұл – барша ауыл əкімдерінің 90 пайызға жуығы екенін еске алып, «2023 күзде алғаш рет аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімдерін сайлай бастадық. Барлық облыста 45 əкім жаңа тəсілмен сайланды. Біз сайлау нəтижесін жəне сайланған əкімдердің жұмысын жан-жақты зерделедік. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан жəне облыстық маңызы бар қалалардың əкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Əкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай, яғни ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа – бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді», – деген кезде елдегі саяси партиялардың қызметі жанданып, партиялық жүйенің дамуында жаңа кезең басталады деп үміттенгендер аз болмады. Алайда 1 жылдың ішінде айтарлықтай үлкен өзгеріс болған жоқ. Оған тамыздың үшінде өткен Алматы облысы Райымбек ауданы əкімінің сайлауын мысалға келтіруге болады. Оны Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 16 маусымда тағайындаған болатын. Ал 17 маусымнан бастап əкім болуға кандидаттарды ұсыну басталып, кандидаттарды ұсыну 3 шілдеде аяқталды. Өкінішке қарай оған елдегі жеті партияның ішінен тек «AMANAT» партиясы ғана өз үміткерін ұсынды. Ол – Ұйғыр ауданы əкімінің орынбасары Дастан Құдабаев. Онда оған өзін-өзін ұсынған Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ержан Байқоныс, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ономастикалық жұмыс жəне талдау бөлімінің басшысы Айбол Нүсіпқожаев қарсылас атанды. Бір қызығы, бұл сайлауды өзге партиялардың бірі білмей қалса, екіншісі өздері үшін оны маңызды шара деп санамаған. Мəселен, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Əміртай: «Алматы облысында біз ауылдық округ əкімдерінің сайлауларына қатыстық. Бірақ Райымбек ауданы əкімінің сайлауы өтетінін білмей қалдық. Өйт кені ақпаратты жергілікті сайлау комиссияларынан аламыз ғой. Негізі бізде Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл, аудан əкімдігіне үміткерлер бар. Кейбір кезде жергілікті сайлау комиссиялары ақпаратты сайлау уақыты келген кезде ғана жариялайды. Оған дейін оны құпия ұстайды. Осындай бір жөнсіздік бар. Үміткерлер дайындалып үлгермейді. Жергілікті деңгейде ойындар бар сияқты. Оны алдағы уақытта бақылауда ұстаймыз» деп отыр. «Respublica» партиясының баспасөз хатшысы Əйгерім Оразалиева болса: «Партия бұл сайлауға кандидат ұсынуды жоспарлаған жоқ. Қазіргі кезеңде біз партияның бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықпен тығыз жұмыс істеуге жəне алдағы сайлау науқандарына дайындыққа басымдық беріп отырмыз» дейді. Ал «Ауыл» партиясының Медиа коммуникациялар департаментінің бастығы Айсана Қаһарман сауалымызды тыңдап, 15 минуттан кейін өзім қайта хабарласам деп сол күйі хат-хабарсыз кетті. Кейін партияның аймақтық филиалының басшысының нөмірін жазып хабарлама жіберіпті. Ол кісі де қазіргі уақытта жауап бере алмайтынын, бірақ жақын арада байланысатын айтып, хабарсыз кетті. Əрине, аудан əкімін сайлауға үміткер ұсыну əр партияның өз шаруасы. Алайда 2023 жылғы Парламент сайлауы кезінде «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» деп ұрандатқан «Ауыл» партиясының Алматы облысының ең шалғайда жатқан жəне көршілес Қытай мен Қырғызстанмен шектесетін шекаралық ауданындағы маңызды сайлаудан сырт қалғаны көңілге кірбің түсіретін жағдай болғаны анық. Бұған дейін де ауылдық округтер мен аудан əкімдерінің сайлауында үміткер ұсына алмаған саяси партиялар 2027 жылғы Парламент сайлауында «AMANAT» партиясын биліктен ығыстыратынына сенім аз. Өйткені Алматы облысында аудан əкімінің сайлауы бұған дейін соңғы рет 2023 жылы 5 қарашада өткен болатын. Ол кезде де Жамбыл жəне Балқаш ауданы əкіміне тек «Amanat» ғана өз үміткерлерін ұсынып, өзгелері сайлау додасынан сырт қалған болатын. Соның нəтижесінде билік партиясы сенім артқан Жамбыл ауданының əкімі Нұрлан Ертасұлы өзін-өзі ұсынған Ақтерек ауылдық округінің əкімі Ғани Шортанбаев пен Жамбыл ауданының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жанғали Базарбаевтан басым түскен. Оған аудандағы 105 895 сайлаушының 58 661-і дауыс берген. Amanat-тың үмітін арқалаған Балқаш ауданы əкімінің орынбасары Азат Құтпанбетов те өзін-өзі ұсынған Бірлік ауылдық округі əкімі Ернұр Елубаев, Балқаш ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғалым Нарбаев, жеке кəсіпкер Ақшабай Нұрхановтан көп дауыс жинап, өзінің лауазымдық қызметінде бір саты ілгерілеген еді. Оған 18452 сайлаушының 9779-ы сенім артқан. Жалпы Қазақстанда қазіргі таңда 7 саяси партия бар. Олар: «Amanat» партиясы; «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы; Қазақстан Халық партиясы; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»; «Байтақ» партиясы; «Respublica» партиясы. Осының ішінен «Байтақтан» өзгелері 2023 жылғы 19 наурызда өткен Парламент сайлауында қажетті дауысқа ие болып, Мəжілісте өз депутаттарын ұсынып, фракцияларын құруға қол жеткізді. Ал биыл жыл басында Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға бюджеттен бөлінетін жылдық қаржының көлемін жариялаған еді. Онда 2023 жылғы Парламент сайлауында 3431510 дауыс жинағандықтан «AMANAT» бюджеттен жылына 8,7 млрд теңгеден астам қаражат алатыны айтылды. Ал 693 938 дауыс жинаған «Ауыл» партиясына 1,7 млрд теңге; 547 154 дауыс жинаған «Respublica» партиясы 1,3 млрд теңге; 432 920 дауыс жинаған Қазақстан Халық партиясы 1,1 млрд теңге; 535 139 дауыс жинаған «Ақ Жол» 1,3 млрд теңге; 331058 дауыс жинаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 846 млн теңге қаржыға ие болмақ. «Саяси партиялар» туралы заңның 18-бабы бойынша саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады. Саяси партияларға бөлінетін бюджет қаржысының жұмсалуын бақылау Қазақстан Респуб ликасының мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалайтын Үкімет мүшелері мен оның ашықтығын талап етіп жүрген Парламент депутаттары саяси партиялардың бюджет қаржысын қалай, қайда жұмсап жатқанын қашан сұрайды?

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Сорбұлақта әскери тікұшақ жоғалғанына 11 күн өтті: қазір не белгілі?

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалғанына 11 күн өтті. Қорғаныс министрлігі қазіргі ахуалды айтты.

На принципах добрососедства и прогресса 

В АЛМАТЫ СОСТОЯЛАСЬ ОФИЦИАЛЬНАЯ ВСТРЕЧА ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА С ГЕНЕРАЛЬНЫМ СЕКРЕТАРЕМ ОРГАНИЗАЦИИ ОБЪЕДИНЕННЫХ НАЦИЙ АНТОНИУ ГУТЕРРИШЕМ. ВИЗИТ ГЕНСЕКА ООН СОВПАЛ С ВАЖНЫМ СОБЫТИЕМ – ПОДПИСАНИЕМ СОГЛАШЕНИЯ МЕЖДУ ПРАВИТЕЛЬСТВОМ КАЗАХСТАНА И ООН О СОЗДАНИИ РЕГИОНАЛЬНОГО ЦЕНТРА ООН ПО ЦЕЛЯМ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ ДЛЯ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ И АФГАНИСТАНА.

Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Мемлекет басшысы ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Найзағайдан қалай қорғану керек? ТЖМ кеңесі

Төтенше жағдайлар министрлігі найзағайдан қалай қорғану керегін айтты.

Мемлекет басшысы Алматы әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.