12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сауранда 6 сотталған жұмысқа жолдама алды

Сауран пробация қызметінің есебінде тұрған алты сотталған алдағы уақытта жұмыспен қамтылмақ.

Түркістан облысы Сауран аудандық «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының орталығында «Бос жұмыс орындарының жәрменкесі» ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға аудандық қалалық пробация қызметі есебіндегі он сотталған қатыстырылды. Жұмысқа орналасуға ниет білдірген сотталғандар жұмыс берушілерден кеңес алып, ұсынылған бос жұыс орындары және мамандықтар бойынша өздеріне қажетті мәліметтер алды.

Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

Жалпы, шараға қатысқан пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс берушілер бірнеше тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан он соталған жұмысқа орналасу үшін жолдама алды. Олар электронды үкіметтегі «Еңбек.кз» сайты арқылы жұмыс беруші мекеменің бос жұмыс орнына өтініш қалдырады. Шараға қатысқан 6 сотталған азамат жеке меншік кәсіпкерлікке қарапайым жұмысшы ретінде орналасты. Олар енді өздерінің отбасына қаржылай көмек беруге мүмкінді алады.

Бүгінгі өткізілген шара өзгеше болды. Себебі, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі Сауран ауданы мен оған қарасты ауылдарда тұратын тұрғындарға арналды. Ауқымды іс-шараға Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталғандарды алып келдік. Олар өздерінің мамандықтары бойынша мамандардан кеңес алды. Сондай-ақ, 6 сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды. Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, сайт арқылы өтініш қалдыратын болады. Жалпы, жұмыспен қамту орталығымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде біршама сотталған азаматтар жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, өздерінің шағын бизнесін ашуды жоспарлап жүргендер де мамандардан кеңес алып, бизнес ашудың жолымен танысты. Алдағы уақытта жұмысқа орналысып отбасыларына материалдық көмек көрсете алады, – деді Сауран аудандық пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Серманов.

Әрине, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар «екі қолға бір күрек» деп жұмыс берушілердің ұсынған жұмыстарына орналасуға ниет білдіріп отыр.

Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, жеке меншік мекемесіне жұмысшы болып жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқық бұзбауға тырысамын, — деді сотталған азамат.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...