Сатыбалдыұлы мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Қайрат Сатыбалдыұлы және Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты.

2022 жылғы 10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты», — делінген елордалық сот хабарламасында.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-тың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді — ҚМА

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын. 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Мамырдың басында Сатыбалдыұлы да, Боранбаев та Forbes рейтингіндегі Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінен шығарылғаны белгілі болды.

ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ШЫҒАРУ: ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ТӘРТІП

Тұрғын үй – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды әлеуметтік құндылықтардың...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ: СОТ ТӨРЕЛІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ

Сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігімен...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР – ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы өзара байланыс экономикалық, саяси және...

ЕНУ впервые стал координатором проекта Erasmus+ CBHE

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева впервые выступил...

ЕҰУ алғаш рет Erasmus+ CBHE жобасының грант иеленушісі әрі үйлестірушісі атанды

         Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алғаш рет...