Сарыағашта тұтыну тауарларын тегін беретін әлеуметтік дүкен ашылды

Сарыағашта күнделікті тұтыну тауарлары мен киімдерді тегін беретін әлеуметтік дүкен ашылды. Басты мақсат – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсету, көмек қолын созу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жария» атты әлеуметтік дүкен апта бойы таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Дүкен ашылғалы бері 150 адамға 700-ге жуық тегін киім мен аяқ киім берілген. Оның ішінде 100 адам Сарыағаш қаласының тұрғындары болса, 47 – адам ауыл тұрғындары. Ал 3 адам басқа ауданнан келіп, көмекке ие болған.

«Алдағы уақытта Құркелес, Қапланбек, Жібек жолы, Дербісек ауылдық округтерінде тегін ғимарат тауып беру арқылы әлеуметтік дүкен ашуды қолға алу жоспарланып отыр», – дейді аталған дүкенге арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов. Бұған дейін алғашқы болып «Жария» әлеуметтік дүкенін Жартытөбе ауылында жеке кәсіпкер А.Исабаев ашқан болатын. Осы уақытқа дейін ашылған дүкенге 1000-нан астам мұқтаж отбасы келіп, 3000 киіммен қамтамасыз етіліпті.

Жалпы дүкенді тауармен қамтамасыз етуге «Жария» қайырымдылық қоры мен жекелеген адамдар үлес қосуда. Қарапайым халықтың игілігі үшін ашылған дүкенге жергілікті тұрғындар да дән риза.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...