САРБАЗДАР – САПТА

ІІМ Ұлттық ұланының əскери қызметшілері жарты жыл ішінде 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстаған. Сонымен бірге əскери қызметшілер алты айда 173 дана суық жəне атыс қаруын, оқ-дəріні тəркіледі. Осы аралықта 828 грамм есірткі затын тапқан. Ұлттық ұлан сарбаздарының көмегімен 73 із-түзсіз жоғалған бала табылып, отбасыларына табысталды. Сондай-ақ, 24 өрт сөндіру жəне адамдарды құтқару оқиғасы тіркелді. Əскери қызметшілер 54 жоғалған зат пен 113 ұялы телефонды иелеріне қайтарып берді. Қызмет атқару барысында сарбаздар жүрек талмасы, демікпе ұстамасы, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, өзіне қол салуға əрекеттенген жəне суға батқан азаматтарға дер кезінде көмек көрсетті. Жалпы, алты ай ішінде Ұлттық ұлан əскери қызметшілері 32 адамға алғашқы медициналық жəрдем көрсетті. Жыл басынан бері тыйым салынған заттарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына өткізуге қатысты 77 əрекеттің жолы кесіліп, осыған байланысты 55 адам ұсталды. Сонымен қатар қоғамдық тəртіпті бұзған 9 919 азамат ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың ішінде 379 адам қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Қоғамдық қауіпсіздік пен тəртіпті қамтамасыз етуде батылдық пен жанқиярлық танытқандар қызметі елеусіз қалған жоқ. Биыл 190 əскери қызметші түрлі марапаттарға ие болды. Бүгінде құқықтық тəртіп əскерінің жеке құрамы полициямен бірлесіп, еліміздің 21 қаласында қоғамдық тəртіпті қадағалайды. Бұл міндетті орындауға күн сайын 8 мыңнан астам ұландық атсалысады.

Аружан МƏУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...