12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сарапшының беделі мен мәртебесі

Қандай да бір салада арнайы ғылыми білімі бар және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың, тергеудің, анықтау органдарының өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті сот сараптамасын жүргізетін, алдына қойылған сұрақтар бойынша негізделген жазбаша қорытынды беретін адам – сот сарапшысы.

Сот-сараптама қызметінің құқықтық негізі Қазақстанның сот сараптамасы туралы заңдары Конституцияға негізделеді және осы заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерінен, сондай-ақ, Қазақстан ратификациялаған тиісті халықаралық шарттардан тұрады.
Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Сот-сараптама қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау.
Сот сарапшысы – юриспруденциямен байланысты беделді және қызықты шығармашылық мамандық. Сот сарапшысы азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын және мемлекет мүддесін қорғау тетігі.
Сот сарапшысы – сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа адамдардан тәуелсіз, іске мүдделі емес жеке дербес тұлға. Сонымен қатар, сарапшыға Қылмыстық кодекске сәйкес, көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікте болатыны ескертіледі.
Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу арқылы анықталатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерде маңызы бар нақты деректермен дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтау мақсатында заңда белгіленген талаптарға сай, өзіне сот сараптамасын жүргізу үшін тапсырылған материалға жан-жақты, толық, объективті және ғылыми негізде зерттеу жүргізеді, арнайы ғылыми біліміне сәйкес өз атынан қорытынды береді.
Қылмыстық-процестік кодексте сарапшының төмендегі құқығы негізделген:
1) сараптаманың нысанасына жататын материалдармен (іс материалдарымен) танысуға;
2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдарды беру туралы, сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
3) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге, сот отырысына қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ, тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық, дұрыс тіркелуіне қатысты, хаттамаларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
5) сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша, сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен шығатын мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;
6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
7) қылмыстық процесті жүргізетін органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысатын өзге де тұлғалардың сараптама жүргізу кезінде өзінің құқықтарына қысым көрсететін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;
8) сараптама жүргізу кезінде шыққан шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.
Сот сарапшысы мамандығы – өте қажет және елімізде сот сарапшылары жылдан жылға сұранысқа ие болуда. Сарапшының қорытындысы сотқа салмақты және объективті шешім қабылдауға көмектеседі және маңызды рөл атқарады.
Сараптама мамандығы – ҚР заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының біліктілігімен расталады. Сот сарапшысын аттестаттау – сот сарапшысының заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін айқындау бо­йынша мерзімді түрде жүзеге асырылады.
Сот сарапшыларының кәсіби біліктілігінің өсуін бағалау және ынталандыру мақсатында Сот сараптама орталығында жоспарлы негізде бар проблемаларды талқылау бойынша бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіледі. Сот сараптамасы дәлелдемелік құқық институттарының бірі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2014 жылғы 29 қыркүйектегі заңының талаптарына сәйкес орталық Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің функцияларын кезең-кезеңмен беруге: 2016 жыл 1 қаңтарынан бастап – сот-медициналық; 2016 жыл 1 шілдесінен бастап – сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларға бұйрықтар шығып, 2017 жылдың наурызынан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен Сот медицинасы орталығы дербес құрылымдық бөлімшесі Әділет министрлігінің құрамына кірді. Сараптама қызметінің бағыттарын біріктіру Қазақстандағы сот сараптамасын жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады.
Мемлекет сот сараптамасын жүргізу жолымен белгіленетін істі шешу үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу жөніндегі жауапты міндеттерді сот сарапшыларына жүктейді.
Жұмыстың ерекшелігі сот сарапшыларынан тұрақты кәсіби жетілдіруді, өз міндеттеріне жауапты және кешенді көзқарасты талап етеді. Болашақта баға жетпес тәжірибесі, білімі, саналы жауапкершілігі бар жоғары сот сарапшыларының беделі және оның мәртебесі арта берсін.

Лязат Есимова,
Түркістан облысы Сот сараптамалары институты
директорының сот-сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...