12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сақтандыру омбудсманының қатысуымен істерді қараудың сот тәжірибесі талқыланды

Бүгін Атырау облыстық соты Оқу орталығының базасында Жоғарғы Соттың 2017 жылғы 6 қазандағы №8 «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысына енгізілген түзетулер аясында Сақтандыру омбудсманының қызметі мәселелері туралы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге облыс соттарының азаматтық істерді қарайтын судьялары, адвокаттар мен заңгерлер, сақтандыру ұйымдарының өкілдері және Сақтандыру омбудсманы Игорь Яковенко қатысты.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Матен Ерғазиев аталған кездесудің маңыздылығын атап өтіп, адвокатура, заң қоғамдастығы өкілдерін сақтандыру ұйымдарына талап қоюдың сотқа дейінгі тәртібін сақтауға шақырды.

Кездесуде іс-шараға қатысушылар сақтандыру ұйымдарына қойылатын талаптарды қараудың сотқа дейінгі рәсімдеріне қатысты мәселелерді талқылап, осы санаттағы істерді қарау кезінде сот тәжірибесінде кездесетін негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын белгіледі.

Атырау қалалық сотының судьясы Данияр Сариев тыңдаушылардың назарын дауларды соттан тыс реттеудің қосымша құралы ретінде сақтандыру омбудсманы институтына аударды. Сот тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелерді айқындап, тыңдаушыларды оларды шешу жөнінде ұсыныстар беруге шақырды.

Сақтандыру омбудсманы тыңдаушылардың назарын 2024 жылдың 1 қаңтарына сақтандыру ұйымдарына келіп түскен арыздардың статистикалық деректеріне аударды.

Астана қаласындағы «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның заң департаментінің заңгері Бауыржан Қайруллин Қазақстан Республикасының Сақтандыру омбудсманы арқылы дауды сотқа дейінгі реттеудің қолданыстағы тетігін таныстырып, оның сот жүктемесін төмендетудегі маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сотқа дейінгі қорғаудың қосымша кепілі ретінде Сақтандыру омбудсманының қызметін реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша айтылған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...