Саптық тексеріс

ҚР ІІМ ҚАЖК Батыс Қазақстан облысы бойынша  Қылмыстық-атқару жүйесі  департаменті №28  мекемесінің жеке құрамымен қысқы киім нысанына көшіруге байланысты саптық тексеріс өткізілді. Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің киім нысандары, өздерімен бірге  жетондарының  болуы және қызметтік куәліктерінің атаққа және лауазымға сәйкестігі тексерілді.

Саптық тексеріс маусымдық киім нысанына көшу аясында өтті. Міндеттерді орындау кезіндегі киім нысандары және бас киім, аяқ киім мен шеврондар, погондар мен тиісті белгілердің айқындалған талаптарға сай тағылуы жіті тексеріліп, тұтастай алғанда жеке құрамның қысқы киім нысанымен  қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бақылау жүргізілді.

Бақылау соңында  саптық дайындық бойынша сабақ өткізіліп, саптық қадам басу, «пәрмен беру», «әскери сәлемдесу» секілді дағдылар жан-жақты пысықталды.

Шара барысында ҚР ІІМ ҚАЖК БҚО бойынша ҚАЖ департаменті №28 мекеме бастығы әділет полковнигі Магнис  Марипжанович Сабиров қызметкерлерге қысқы киім-кешек пен айырым белгілерін кию ережелерін реттейтін өзге де құжаттарды  жеке құрамның  назарына  жеткізді.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...