12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сапар РАХМЕНШЕЕВ, Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры:«ПСИХОЛОГҚА ТЕК ЖЫНДЫЛАР ҚАРАЛАДЫ ДЕУ ҚАТЕ ТҮСІНІК»

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, қалалар мен елді мекендердің карантинге жабылуына байланысты, тұрғындарға үйден шығуға тыйым салынды. Төтенше жағдай тіршілігімізді өзгертті. Қауіпсіздік үшін бәрімізді үйде қамалуға мәжбүр етті. Карантиндік талаптың отбасындағы тыныштықты да бұзғаны рас. Сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, отбасындағы ұрыс-керістің, ішімдікке салынудың, психологиялық ауытқушылықтың көбеюін карантин режимімен байланыстырып отыр. Шынында психологиялық орталықтың сенім телефонына қоңырау шалатындар саны неге артқан? Айрандай ұйып отырған отбасылар неге дәл қазір ажырасуға бел буып отыр? Осы жайында қалалық психологиялық сауықтыру орталығының басшысы Сапар ҚҰТТЫБАЙҰЛЫНАН сұраған едік.

– Сапар Құттыбайұлы, қазір орталық есебінде қанша науқас бар? Емделушілер қандай мәселемен келеді?
– Біздің орталықта психикалық ауытқушылықпен 10 мыңнан аса науқас емделуде, есірткіге тәуелді 8 жасөспірім бар, алкоголизммен 4619 адам диспансерлік есепте тұр. Адамдар диспансерлік бақылауға қойса, қиындық туады деп қорқады. Біз ешкімнің келісімінсіз диспансерлік бақылауға қоя алмаймыз, және бізде анонимді түрде емделуге болады. Кез келген адамға жұмыстан шаршағанда,
күйзеліске ұшырағанда психологтың кеңесі керек. 2019 жылдың ақпан айында ментальді мектеп аштық. Ментальді мектепте медициналық, әлеуметтік, сонымен қатар, заңгерлердің көмегі көрсетіледі. Бізге түскен науқастардың ауруы жайлы жақындарына айтқанда, не істерін, кімге көмекке жүгінерін білмей жатады. Біздің мектеп осындай жақынына жәрдемдескісі келгендерге көмек қолын созады, жол сілтейді. Әлеуметтік көмек қалай көрсетіледі, мүгедектікті қалай алу керек, заңды түрде қамқоршыны қалай тіркеуге болады деген сұрақтарға заңгерлер толық жауап береді.
– Пандемияға қатысты ақпараттар адамның жүйке-жүйесіне қаншалықты әсер етті?
– Пандемиядан кейін адамдардың психикасы өзгерді. Нақтырақ айтсақ, коронавирустан қорқыныш пайда болды. Күнделікті жаңалықтарда індеттен қайтыс болған адамдар жайлы айтылған ақпараттар адам бойында үрей туғызады. Енді бұл табиғаттың заңдылығы ғой, кез келген адам өзінің өмірі, денсаулығы үшін алаңдайды. Адам күйзеліске түскен кезде, не істеп не қойғанын білмейді, тіпті өзіне қол жұмсауға дейін барады. Себебі олар осыдан басқа жол жоқ деп ойлайды. Біздің психолог мамандар осы тығырықтан шығу жолы мен бағытын көрсетеді. Ал маман ретінде менің берер кеңесім, біріншіден, пандемияға қатысты ақпараттарды оқи бермеңіз, екіншіден, сақтық шараларын ұстаныңыз, маска тағып, антисептик қолданып, адам көп жиылатын жерге бармаңыз, үшіншіден, көңіліңізді басқа жаққа бұрыңыз, өзіңізге қызықты жұмыс табыңыз.
– Психологиялық ауытқушылықтың пайда болуына не себеп?
– Психикалық аурулардың түрі көп. Кейбірі тұқым қуалайды, енді бірі жүре пайда болады, немесе адам басынан қатты жарақат алса, психикалық зақым келуі мүмкін. Көпшілігі психологқа тек жындылар барады деп ойлайды, олай емес. Кейбір пациенттер аласұру күйінде жүреді. Бұл адам жартылай сау, жартылай ауырады дегенді білдіреді. Осы жағдайда, емделуші дер кезінде ем қабылдап, психологтың кеңесіне жүгінсе, жазылып кетеді. Ең бастысы, біздегі емнің бәрі тегін.
– Карантин ішімдікке жақын еткен жоқ па?

– Иә, бізге алкогольді психоз, орта буынды мас кезіндегі ішкіштер түсіп жатады. Соның ішінде 1 жасөспірім диспансерлік бақылауда емделуде.
– Ащы суға салынғандардың ішінде бұрын беделді қызмет істеген, оқыған азаматтар баршылық. Олардың мұндай жағдайға түсуіне не себеп?
– Қанша адам бар болса, сонша тағдыр бар. Басына қиындық түскенде адамдар әлсіздік танытып, жеңіл жолды таңдап кетеді. Ішімдік арқылы шешім табам деп ойлайды. Адамның санасының бәрі қазір дүние болған. Дүниеқорлық кез келген адамды жолдан тайдырады. Мейлі сен мықты профессор, ғалым бол. Ақшаның көптігі, адамның көзін байлайды. Адам арақ ішкен кезде, басының ауырғаны қойып, қан қысымы төмендейді, өздерін жақсы сезінеді, бірақ бұл уақытша. Арақтың әсері қайтқан соң, басы қатты ауырады, бұған шыдамай қайтадан ащы судан татады, осыдан кейін тәуелділікке ұласады. Бұдан бөлек, науқастардың түн ұйқысы бұзылады, сіркесі су көтермейді, әртүрлі елестерді көруі мүмкін. Жақында ішімдікке салынып кеткен 30 жастағы жігітті біздің орталыққа туысқандары алып келді. Арақты тоқтаусыз ішкеніне 2 аптадан асқан, организм тәуелді болып кеткен. Біз бірден емдеуге кірістік. Алдымен организмге керек витаминдер және жүректің қызметін жақсартатын дәрілер салынады, сонымен қатар қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмек қолданылды. Науқастар ем қабылдап, ішкі ағза қызметін қалыпқа келтіргеннен кейін, пациентпен психолог мамандар жұмыс істейді. Емдеу курсы 20 күннен жоғары, толық жазылып шыққан соң, біз емделушіні үйіне жібереміз.
– Адамды еркінен тыс емдеуге бола ма?
– Әрине, болады. Бұл соттың шешімімен іске асады. Есірткіге, ішімдікке тәуелді адамдар өз еркімен емделгісі келмейді, ешкімнің сөзін тыңдамайды. Отбасынан тыныштық, береке кетеді. Сосын оның ата-анасы немесе балалары, әйелі учаскелік инспекторға арыз жазады. Ол арыз біздің орталыққа келеді, біз комиссиядан өткізіп сотқа жібереміз. Соттың шешімімен оларды еркінен тыс 6 айдан 2 жылға дейін емдейміз. Ал психикалық ауытқуы бар адамдарды, психиатриялық сот сараптамасынан өткізіп, сот шешім қабылдағанда, еркінен тыс емдейміз.
– Сенім телефонына күніне қанша қоңырау түседі? Зардап шеккендерге қандай көмек бердіңіздер?
– Орталықтың сенім телефоны тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Желіде психологтар отырады. Көмек сұраушылар әртүрлі өтінішпен жүгінеді. Қарым-қатынас, бала тәрбиесі, жұмысқа байланысты дегендей. Мен күніге қоңырауларды қадағалап отырамын. Өзіне қол жұмсағысы келген адамдар болды, соның ішінде 4 баласы бар жас келіншек 9-қабаттан секіріп кеткісі келді. Біздің психологтар ол әйелмен жұмыс жасады, 3-4 сеанстан кейін пациентпен сөйлескенде, ол өз-өзіне сырттай баға беріп, бұл ісінің ақымақтық болғанын мойындады. Осыған ұқсас 3 жағдай орын алды, зардап шеккендер жоқ, бәрі емделіп шықты. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қоңырау саны артты. Бұған карантиндік режим себеп десек те болады. Күнде таңертең жұмысқа кетіп, кешке үйіне қайтып үйреніп қалған адамдар 24 сағат бір жерде отырғаннан жүйкесі сыр берді, ерлі-зайыптылар бір-бірін түсінуден, естуден қалды. Осы сияқты мәселелермен хабарласқан адамдармен біз сөйлесіп, сабырға шақырып, психологиялық жағынан көмек береміз.
– Ой бөліскеніңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Перизат АБДРАЛИНА 

Есть ли выход из трудового рабства?

Во всем мире торговля людьми остается глобальной проблемой, затрагивающей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...