12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сапалы білім — ұлт діңгегі

     Әр ұлттың болашағы, оның дамуы мен тұрақтылығы білімнің сапасына байланысты екені белгілі. Қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның рухани және кәсіби тұрғыда дамуы ұлттың болашаққа нық сеніммен қарауына ықпал етеді. Білім-бұл тек жеке тұлғаның өсіп-жетілуіне емес, сонымен қатар қоғамның дамуына, ұлттың өркендеуіне негіз болатын басты құндылықтардың бірі. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі -сапалы  білім екен алға тартқым келеді. Сапалы білім қоғамда ой-өрісі кең, білімі терең, әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді. Ол азаматтар тек жеке жетістіктерге ғана қол жеткізумен шектелмей, өз ұлтының мүддесін ойлайды, қоғам игілігіне қызмет етеді. Осындай білімді, саналы азаматтар арқылы мемлекет пен қоғам тұрақтылығын сақтап, экономикалық және әлеуметтік даму қарқынын арттыра алады.

     Жаһандану дәуірінде технологиялар мен ғылым дамып, әлемдік білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойылуда. Бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін жастардың тек теориялық білім алып қана қоймай, заманауи технологияларды игеруі, сыни ойлау қабілеттерін дамытуы маңызды. Мұндай білім жастарды инновацияларға, кәсіпкерлікке, ғылыми ізденістерге жетелеп, ұлттық экономиканы күшейтеді.Сапалы білім беруде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы аянбай еңбек етуде.Білім тек ғылыми жетістіктерге жетудің құралы ғана емес, ол ұлттық мәдениет пен тіл, тарихи құндылықтарды сақтаудың да негізі. Ұлттық бірегейлікті сақтау үшін әрбір ұрпақтың өз тарихын, мәдениетін терең түсінуі, ұлттық құндылықтарды құрметтеуі маңызды. Осы арқылы ұлттың болашағын қамтамасыз етуге болады, себебі өз болмысын білетін адам ғана өз елінің өркендеуіне саналы түрде үлес қоса алады.Қазіргі заманның талаптарына сай, білім жүйесі үздіксіз дамып, заман талабына сай жаңғырып отырса, ұлттық дамуға нық қадам жасай аламыз. Ұрпаққа сапалы білім беру арқылы ұлттың болашағын қамтамасыз ететінімізді әрқашан есте ұстауымыз қажет.

Темірболат Нұрайша

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

«Нашақорлық ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел өтті

2024 жылдың 13 қарашасында Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа...

Қызылорда да тергеу изоляторында жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты #68 мекемесінде...

В договоре не должны нарушаться интересы сторон

Управление жилья и жилищной инспекции г.Астаны обратилось в суд...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...