12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сапалы білім — тұрақты дамудың негізі

Білім -кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының басты факторы. БҰҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты «Сапалы білім» қоғамның барлық саласын қамтитын, ұзақ мерзімді прогрестің негізі болып табылады. Бұл мақсат білім беру жүйесінің қолжетімділігі, әділдігі, инклюзивтілігі мен заманауи мазмұнын қамтамасыз етуді көздейді.Елімізде  осы жаһандық бағытқа белсенді түрде қосылып, білім саласын жаңғырту, оқытушылар мәртебесін көтеру, цифрлық трансформацияны дамыту, жоғары білім мен ғылымның сапасын арттыру бойынша іргелі реформаларды жүзеге асырып келеді.Осы міндетті орындауда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті елдегі жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Құқық саласындағы сапалы білім-қоғамдағы тәртіп, әділеттілік және құқықтық мәдениеттің дамуының негізі. Сапалы білім берудің басты элементтерінің бірі-білімге қолжетімділік пен тең мүмкіндік. Білім ордамыз осы қағиданы ұстана отырып, құқық саласына қызығушылық танытқан жастар үшін жан-жақты жағдай жасауда.

Факультет заман талабына сай жаңартылған білім беру бағдарламаларын ұсынып, студенттерге теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Оқу процесінде оқулықтар, цифрлық білім платформалары, интерактивті әдістер қолданылып, әр студенттің жеке әлеуетін ашуға бағытталған академиялық еркіндік қамтамасыз етіледі.

Оқу ордамызда жұмыс істейтін профессорлық-оқытушылар құрамы-құқық саласындағы тәжірибелі ғалымдар, халықаралық деңгейде танылған зерттеушілер, практик заңгерлер.Профессорлардың ғылыми еңбектері мен тәжірибесі студенттерге сапалы құқықтық білім алуға мүмкіндік береді. Дәрістер тек теориямен шектелмей, сот тәжірибесі, құқықтық реформалар, заң шығармашылығы, құқық қолдану тәжірибесі арқылы байытылады.Бұл өз кезегінде ТДМ 4-тің «білікті мұғалімдер санын арттыру» бағытымен сәйкес келеді.Заң факультеті – практикалық оқытуды кеңінен енгізген жетекші орталықтардың бірі. Факультет ҚР Әділет министрлігі, сот органдары, прокуратура, ішкі істер департаменттері және адвокаттар алқаларымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.«Заң клиникасы», «Медиация орталығы», «Сот процесін модельдеу» сияқты жобалар студенттердің кәсіби дағдыларын шыңдап, нақты құқықтық жағдайларды талдауға мүмкіндік береді.

Бұл тәжірибе сапалы білім беру шеңберінде басты міндеттердің бірін – жастарды еңбек нарығына дайындауды толық жүзеге асырып отыр.

Заң факультеті ғылыми зерттеулердің ірі орталығы ретінде еліміздегі құқықтық реформаларға белсенді үлес қосып келеді. Ғалымдар конституциялық құқық, қылмыстық және азаматтық құқық, халықаралық құқық, цифрлық құқық, жасанды интеллектті реттеу салаларында озық зерттеулер жүргізуде.Факультетте студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді: ғылыми үйірмелер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, құқықтық пікірталастар тұрақты өтеді.ТДМ 4 инклюзивті білім беруді дамытуды міндеттейді. Университет бұл бағытта да жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Әр студенттің білім алуына тең мүмкіндік жасап, ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарға қолайлы орта қалыптастырылған.

Сонымен қатар факультет цифрлық трансформацияға бейімделіп, аралас оқыту форматын, онлайн курс платформаларын, электронды кітапханаларды кең қолданады. Бұл-студенттердің XXI ғасыр дағдыларын меңгеруіне жол ашатын маңызды қадам.

Сапалы білім бағыты құқықтық, экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Осы мақсатты жүзеге асыруда ҚазҰУ-дың заң факультеті тың серпін беріп, білікті заңгерлерді даярлауда көшбасшы рөл атқарып отыр.Факультет ұсынатын сапалы білім, тәжірибеге негізделген оқыту, ғылыми зерттеулер мен халықаралық серіктестік еліміздің құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған үлкен үлес.Сапалы білім алған заңгер- әділетті қоғамның негізі.

Мынбатырова Н.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты,доцент

Аманжан Ділнар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс магистранты

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...