12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сапалы білім-әділетті қоғамның негізі

      Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты-сапалы білім беру – қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттердің өркендеу траекториясын айқындайтын стратегиялық басымдықтардың бірі. Білім-экономикалық өсудің ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықтың, құқықтық мәдениеттің, азаматтық жауапкершіліктің және ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің басты кепілі. Сондықтан ТДМ 4 аясында көзделген баршаға тең, инклюзивті әрі сапалы білім беру міндеті ұзақ мерзімді дамудың өзегіне айналған маңызды қағида.Қазіргі кезеңде білім беру мазмұны мен форматына қойылатын талаптар түбегейлі өзгерді. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, еңбек нарығының трансформациясы, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдердің кең таралуы білім беру жүйесінен икемділік пен жаңашылдықты талап етеді. Сапалы білім енді тек теориялық біліммен шектелмейді; ол сыни ойлау, талдау қабілеті, креативтілік, коммуникация мәдениеті және цифрлық сауаттылық сияқты әмбебап дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. ТДМ 4-тің басты ерекшелігі-өмір бойы білім алу мәдениетін орнықтыру, яғни адам кез келген жаста білімін жетілдіруге мүмкіндік алуы тиіс.

    Елімізде білім беру саласын жаңғырту мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналды. Оқу бағдарламаларын жаңарту, білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, педагог мәртебесін арттыру, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру-осының барлығы білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар. Әсіресе жоғары білім беру жүйесі қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Университеттер тек кадр даярлайтын орталық емес, ғылыми-зерттеу, инновация және қоғамдық пікір қалыптастыру алаңы ретінде қызмет етеді.Осы тұрғыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орны ретінде ТДМ 4 қағидаттарын табысты жүзеге асырып келеді. Университет білім мен ғылымды ұштастыра отырып, студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары, халықаралық серіктестік, ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігі-білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін негізгі факторлар. Сонымен қатар, университетте цифрлық білім беру платформалары, электронды ресурстар және заманауи зертханалар кеңінен қолданылуда, бұл оқу процесінің тиімділігін арттырады. ҚазҰУ-дың заң факультеті  тәжірибеге бағытталған оқыту үлгісі қалыптасқан. Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарына, әлеуметтік жобаларға, құқықтық клиникалар қызметіне қатыса отырып, теориялық білімін практикамен ұштастырады. Университет қабырғасында қалыптасқан академиялық мәдениет пен жауапкершілік рухы ТДМ 4-тің мазмұнымен толық үндеседі.Сапалы білім елдің тұрақты дамуының басты кепілі. ТДМ 4 міндеттерін жүйелі түрде іске асыру  бүтін бір ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, әділетті әрі бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жолда мемлекет пен қоғамның, білім беру ұйымдарының, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сияқты жетекші университеттердің бірлескен еңбегі шешуші мәнге ие. Сапалы білімге негізделген ұлт қана болашақ сын-қатерлерге төтеп беріп, тұрақты даму жолында сенімді қадам жасай алады. Білім тек ғылыми жетістіктерге жетудің құралы ғана емес, ол ұлттық мәдениет пен тіл, тарихи құндылықтарды сақтаудың да негізі. Ұлттық бірегейлікті сақтау үшін әрбір ұрпақтың өз тарихын, мәдениетін терең түсінуі, ұлттық құндылықтарды құрметтеуі маңызды. Осы арқылы ұлттың болашағын қамтамасыз етуге болады, себебі өз болмысын білетін адам ғана өз елінің өркендеуіне саналы түрде үлес қоса алады.Қазіргі заманның талаптарына сай, білім жүйесі үздіксіз дамып, заман талабына сай жаңғырып отырса, ұлттық дамуға нық қадам жасай аламыз. Ұрпаққа сапалы білім беру арқылы ұлттың болашағын қамтамасыз ететінімізді әрқашан есте ұстауымыз қажет.

Бисенова М.Қ.
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

Салауатты өмір салты – сапалы білімнің кепілі

     Бүгінгі жаһандану дәуірінде қоғам дамуының негізгі көрсеткіші тек экономикалық...

Әділетті қоғам қалыптастыру-ортақ міндет

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері Біріккен...

Сапалы білім мен саулық сабақтастығы

   Қазіргі кезеңде адам капиталы-мемлекеттің басты стратегиялық ресурсы. Ал адам...

Сапалы білім-ел болашағының кепілі

   Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты-сапалы білім беру қазіргі қоғам дамуының...

Алғыс айту — асыл  қасиет

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев...