Сандық персоналды басқару – жұмысқа қабылдау кезіндегі ашықтық

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру шеңберінде енгізілетін Қазақстандағымемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың бірыңғай кадр жүйесі кадрпроцестерін автоматтандыруға және стандарттауға, персоналды басқарудыңашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол қызметкерлердің міндеттердіорындауын, тәртіпті сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Жүйе персоналға қажеттілікті жоспарлау, қызметкерлердің құзыреттілігінбасқару және аттестаттау, кадрларды есепке алу және кадрлар құрамын талдау,еңбек қатынастары және кадрлық іс жүргізу сияқты процестерді автоматтандыруғамүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бірыңғай жүйе еңбек шарттары, біліктілік, еңбек өтілі және басқада кадрлық ақпаратты қоса алғанда, қызметкерлер туралы деректердіорталықтандырылған сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етеді.

Жүйеде білім беру, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлігінде басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция көзделген.

Жүйенің тағы да тиімді жағы — бұл жүйе персоналды басқарудың тиімділігінарттыруға, кадрлық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді, ең бастысы -кадрларды басқару шығындарын азайту.

Қазіргі уақытта оны барлық ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік органдардың ұйымдарында енгізу жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңдаАлматыда жүйеге 82 ведомстволық бағынысты ұйымы қосылған.

Кадр қызметінің мамандары үшін жаңа жүйеде жұмыс істеу бойынша қажеттіоқыту іс-шаралары өткізіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментібасшысының м.а. Н. Узбеханов

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...