12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Саналы ата-аналық тәрбие

Қазақтың ағартушы-ойшыл, педагог ғалымы Мағжан Жұмабаев: ”Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер”- деп бекер айтпаса керек. Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың келешегін айқындайтын ең басты құндылықтардың бірі. Саналы ата-аналық тәрбие – жай ғана баланы тамақтандыру немесе киіндіру емес, оның ішкі әлеміне үңілу, рухани өсуіне ықпал ету, тұлға болып қалыптасуына жәрдемдесу. Бүгінгі баланың болмысы – ертеңгі елдің келбеті. Ендеше, әр ата-ана баласын тек жақсы көріп қана қоймай, оны саналы, тәрбиелі, адамгершілігі мол азамат етіп өсіруге тырысуы қажет. Халық даналығында: «Бесік тәрбиесін көрмеген бала, есейгенде елдің қамын жей алмайды» деген ұлағатты сөз бар. Бұл – тәрбиенің өмірлік маңызын көрсететін тұжырым. Саналы ата-аналық тәрбие — бұл баланы жан-жақты дамытуға бағытталған, ата-ананың саналы, жауапты, мейірімді әрі тұрақты әрекеттеріне негізделген тәрбие түрі. Ол ата-ананың тек қамқоршы емес, сонымен қатар балаға өмірлік бағыт-бағдар беруші тұлға екенін айқындайды. Ата-аналық тәрбиенің негізгі қағидалары:сүйіспеншілік пен мейірімділік яғни баланың өзін қауіпсіз әрі бағалы сезінуі үшін ата-ана махаббаты өте маңызды. Қарым-қатынас пен тыңдай білу, баланың пікірімен санасып, оны тыңдай білу — сенімді қарым-қатынастың негізі. Үлгі болу-балалар ата-ананың іс-әрекетін қайталайды, сондықтан ата-ана өз-өзіне сын көзбен қарап, үлгі болуға тырысуы қажет. Балам адам болсын десең – оқыт» — бұл қазақ халқының бала тәрбиесіне, білімге деген көзқарасын білдіретін тағылымды нақыл сөз. Мағынасы терең, тәрбиелік мәні ерекше. Балаға дұрыс жол көрсету — бір күннің ісі емес, үздіксіз жүретін процесс. Оған махаббат, төзім, білім және тәртіп арқылы бағыт берген ата-ана – нағыз тәрбие шебері болары сөзсіз. Ахмет Байтұрсынұлы “Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы»-демекші саналы ұрпақ тәрбиелеу әрбір ата-ананың міндетті борышы. Қазақ қашан да бала тәрбиесін алғашқы орынға қойған халық. Себебі баласы арқылы бүкіл ұрпағының тәрбиеленетінін жақсы білген.

Ақтөбе облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы –

сот отырысының хатшысы М.М.Оразғали

Мемлекеттік қызмет — менің таңдауым

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын жан-жүрегімен сезініп,...

СОТ ТӨРЕЛІГІ ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

          Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет...

Үш тәуелсіз кассациялық соттың құрылуы төрелік алаңына тың өзгеріс әкеледі

Сот – әділдік іздеген, құқығын қорғауға қадам жасаған азаматтардың...

Әр-бір шаңырақ бақытты ғұмыр кешуге лайықты

     Өмірдің мәні де сәні, отбасын құрып жанұялы болу....