Самат Ғилымов «Қазақавтожол» басшысы болып тағайындалды

Самат Ғилымов «Қазақавтожол» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Самат Ғилымов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. Еңбек жолын Атырау қаласындағы Қосшағыл совхозынан бастаған. Әр жылдары Атырау облысының совхоздарында, сондай-ақ, жеке компанияларда слесарь, бас инженер болып жұмыс істеген.

1998 жылдан 2002 жылға дейін Атырау қаласының салық (қаржы) полициясы органдарында жұмыс істеген. 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2008 жылдан 2014 жылға дейін Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеген. 2014-2019 жылдары Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы, Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...