12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР БЮДЖЕТ КІРІСІН АЗАЙТУДА

Өтіп бара жатқан жылға арналған республикалық бюджеттің болжамы орындалған жоқ. Нақтырақ айтқанда, жоспарлы кіріс 3 076 млрд теңгеге кем болды. Осы аптада өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында «2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның талқылануы барысында бұл жағдай депутаттар тарапынан орынды алаңдаушылық тудырды.

Жаңа құжат 2024 жылға арналған экономиканың өсу қарқынының төмендеу тәуекелдері жағдайында өңірлік өсу деңгейін ұстап тұру, сондай-ақ, ағымдағы жылы республикалық бюджеттің шұғыл шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатымен республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты дайындалыпты. Жиын тізгінін ұстаған палата спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобасы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, мемлекеттік саясаттың басымдықтарын және ағымдағы сын-қатерлерді ескере отырып әзірленді. Аталған заңды мақұлдау мемлекеттің азаматтар алдындағы міндеттемелерін толық орындауды, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауды және негізгі стратегиялық бастамаларды одан әрі іске асыруды қамтамасыз етеді. Бірақ сөз алған депутаттардың айтуынан түйгеніміз, республикалық бюджетті нақтылау желтоқсан айында жүргізіліп, көптеген бағдарламаларды іске асыруға шамамен 15 күн ғана қалғандықтан, ағымдағы жылы жоспарланған шығындарды толық әрі уақытылы қаржыландыру мәселесінде көптеген сұрақтар туындайды. Бұл әр түрлі себептерге байланысты орын алады. Соның бастысы жоғарыда аталып өткен кіріс болжамының орындалмауына байланысты болып отыр. Мәселе Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің қосымша қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін салық саясатын реттеу және салық пен кедендік әкімшілендіру секілді тетіктерді тиімді қолданбауынан туындап отыр. Мұның сыртында жыл сайын салық жеңілдіктерінің мөлшері ғана емес, олардың саны да өсуде. Қазіргі уақытта 453 норма жеңілдіктер деп танылды. Жиында баяндама жасаған сенатор Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, жаңа құжатта Ұлттық қор мен республикалық бюджеттің параметрлерінен басқа әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өлшемдері бұрын мақұлданған болжам шеңберінде сақталды. Осыған байланысты елдің экономикалық өсімі Ұлттық қор мен бюджеттің салық түсімдерінің қысқаруынан қаншалықты алшақтайды деген сұрақ туындайды. Өйткені, Ұлттық қор түсімдерінің 1,5 трлн теңгеге төмендеуі мұнай өндіру көлемін азайту есебінен болды. Іс жүзінде бұдан да аз. Салық түсімдерін 3,1 трлн теңгеге қысқарту, оның ішінде – 2 трлн теңге өндірістің, жеткізілімдердің, сыртқы сауда айналымының, логистикалық проблемалардың, т.б. қысқаруына байланысты ірі кәсіпорындардың кірістерінің азаюы есебінен болды. Салық кірістерінің жетіспеушілігі Ұлттық қордағы қаражатты шамадан тыс көп алуға әкелді. Ағымдағы жылдың үш тоқсанның қорытындысы бойынша одан алынған қаржы бекітілген жылдық көлемнен асып түсті. Бюджеттің төмен кірістері кезінде жоғары шығыстар жыл басынан бері осы қор қаржысы есебінен жабылды. Сондықтан осы нақтылау кезінде қосымша 2,0 трлн сомасында нысаналы трансферттер көзделеді. Мұның бәрі жоспардан тыс өскен бюджет тапшылығының салдары. Ал бюджет заңнамасына сәйкес бюджет тапшылығын қаржыландыру нысаналы трансфертті ұлғайтуға негіз бола алмайды. Нақтылау шеңберінде Үкіметтік борышты өтеуге арналған шығыстар 168,3 млрд теңге сомасына ұлғайып, бұл жыл соңына қарай 2,1 трлн теңге болады деп атап өтілгендей, оның деңгейі белгіленген 8,8 пайыздан 10 пайызға артты. Мұның қарыз алуды, оны әсіресе сырттан алуды арттыра түсетінін ескерсек, бұл көрсеткіш өсе түседі. Мәселен, бүгінде Үкімет тарапынан халықаралық қаржы ұйымдарымен жасасқан тек үш келісім шеңберінде бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 1,3 млрд АҚШ доллары көлемінде немесе шамамен 690 млрд теңге көлемінде қарыз алынуда. Бюджет қаражатын дәстүрлі түрде игермеу, тиімсіз жоспарлау және жұмсау мәселелері де өзекті болып отыр. Мемлекеттік қаржыны тиімді басқару, бюрократияны азайту және бюджеттік процесті оңтайландыру, Ұлттық қор қаражатын толық пайдалану, бюджет қаражатының қалдықтарын ауыстыру мүмкіндігі түріндегі тетіктер бар. Бірақ соған қарамастан кемшіліктер орын алуда. Сонымен қатар, Үкімет бұл тәсілдерді сапасыз жоспарлаудың салдарын жою үшін «тұрақтандыру құралы» ретінде көбірек қолданатынын көрсетіп отыр. Мәселен, бюджетті жиі түзету және қайта қаралған қаражаттың үлкен көлемі бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлаудың болашағы қысқа екенін көрсетеді. Бюджеттің теңгерімсіздігі жағдайында және талап етілмеген қаражатты кейінгі кезеңдерге ауыстыру мүмкіндігі белгіленген жоспарлардың бұзылу тенденциясын көрсетті. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы республикалық бюджет бойынша 783,2 млрд теңге орындалмады, оның ішінде бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру 741 млрд теңгеге жетіп, игерілмеген қаржы 23,1 млрд теңге болды. Мысалы, бюджет қаражатының тапшылығына байланысты қаржыландырудың жеткіліксіздігі жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттерді субсидиялауды 110,9 млрд теңгеге азайтты. Мұндай шаралар жоспарланған әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізбеуге, ағымдағы жылы тікелей және түпкілікті көрсеткіштердің орындалмауына әкеледі, бұл өз кезегінде келесі кезеңнің көрсеткіштеріне теріс әсер етеді. Сондықтан шығындарды тиімділік және тиісінше оларды оңтайландыру призмасы арқылы қайта қарау қажет. Жиында сөз алған Бекболат Орынбеков Ұлттық экономика министрлігіне салық жеңілдіктері мен оны алушылардың сомасын анықтау үшін өзінің ақпараттық жүйесі қажеттігін айтты. Оның пікірінен түйгеніміз, салалық мемлекеттік органдардың салық жеңілдіктерінің тиімділігін мониторингтеу тәртібін реттеу заңнамалық түрде болуы тиіс. Яғни, қандай жеңілдікті алып тастау немесе қайсысын қалдыру қажеттілігін айқындаудың құқықтық негізі болу керек. Өйткені, бірқатар салықтық жеңілдіктердің тиімділігі жоқ. Мысалы, медициналық жабдықтарды, қосалқы материалдарды немесе дайын өнімдерді сатып алуға қосылған құн салығын төлеуден босату түрінде импортқа жеңілдіктер бар. Бірақ, мұның нәтижесі күткендегідей болмады. Өйткені нарықта бәрі қымбат және дәрілік заттарға, медициналық қызметтерге баға шексіз өсіп барады. Сол секілді «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында қолжетімді бағамен тұрғын үй салу керек болды. Ол үшін барлық салықтардан босатылды, бірақ, өкінішке орай, пәтерлердің бағасы қарапайым азаматтарға қолжетімсіз деңгейде қалды. Биылғы жылы агроөнеркәсіп кешеніне бюджеттен 280 млрд теңге бөлініп, бұл салада да түрлі салықтық жеңілдіктер қолданылды. Алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 56 пайызын сырттан әкеліп отырмыз. Сондықтан болашақта барлық салық жеңілдіктерін нақты реттеуді және мемлекеттік бюджетке қосымша кірістер болуы үшін жеңілдіктер беру тәсілдерін қайта қарау қажет. Салықтық әкімшілендірудің тәсілдерін қайта қарау және салықтық бақылауды цифрландырудың барынша мүмкін деңгейін қамтамасыз ету керек. Көлеңкелі айналымды қысқарту және салық төлеушіні ашық қызметке ынталандыру үшін бұл мәселелерде тепе-теңдікті сақтау аса маңызды.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жолаушы тасымалдайтын қанша ұшақтың мерзімі 20 жылдан көп екенін айтты.

Елімізде қыста мопедпен жүруге болады ма?

Қазақстан нарығында мопедтерге арналған арнайы қысқы шиналар жоқ. Бұл мопедтердің негізінен ыстық елдерде жиі қолданылуымен байланысты, сол себепті мұндай өнімге қажеттілік жоқ.

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу жоспарланып жатыр ма? 

Бұл сұраққа қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді.

Тағы бір елде TikTok бұғатталады

Албанияда келер жылдан бастап TikTok қолданылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына...

Алматыдағы атыстың мән-жайы айтылды

Алматыда Наурызбай ауданында 20 желтоқсанда болған атыстың мән-жайы айтылды.