Мобильді аударымдарды бақылау: 255 мың теңге шекті көрсеткіш бола ма?

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда айына 255 мың теңгеден басталатын мобильді аударымдарды бақылау туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. 

«Қазір біз Мемлекеттік кірістер комитетімен және банк қауымдастығымен белсенді жұмыс істеп жатырмыз (…) Қазір, өздеріңіз білетіндей, былтырғы талапқа сәйкес, біз әртүрлі тұлғадан 100-ден астам аударым алатын ЖСН беріп жатырмыз. Енді олар шекті мәнді көргісі келеді және бұл шек туралы көп пікірталас бар», — деді Шолпанқұлов Сенатта өткен брифингте.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары бұл шешім банк қауымдастығы мақұлдаған жағдайда ғана қабылданатынын айтты.

«Мемлекеттік кірістер комитетінен ұсыныс айтылды, біз оны талқыладық, қазір банк қауымдастығы техникалық жағынан енгізуді қарастырып жатыр. Оны мақұлдаса — енгізіледі. Егер мақұлдамаса — басқа жолы ізделеді», — деді Шолпанқұлов.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.